16.06.2016, 18:09 4542

ҚР-да 5 жылда ағзаларды транспланттау бойынша 700-ден астам ота жасалды - ДСИДМ

Қазақстанда халық денсаулығыныӊ негізгі көрсеткіштері жақсартылды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ-дегі "Отандық денсаулық сақтау саласыныӊ үздік дәстүрлері - медицина қызметкерлері ерен еӊбегініӊ жемісі" тақырыбында өткен брифингте ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой

Астана. 16 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда халық денсаулығыныӊ негізгі көрсеткіштері жақсартылды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ-дегі "Отандық денсаулық сақтау саласыныӊ үздік дәстүрлері - медицина қызметкерлері ерен еӊбегініӊ жемісі" тақырыбында өткен брифингте ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылы ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аяқталды. Оныӊ негізгі жетістіктері: қазақстандықтардыӊ күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2010 жылмен салыстырғанда 3,6 есеге өсіп, 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша 71,8 жасты құрады (2010 жылы - 68,41), халықтыӊ негізгі денсаулық жағайыныӊ көрсеткіштері артты, ана мен сәби өлімдерініӊ көрсеткіші 1,8 есеге төмендетіліп, жалпы өлім көрсеткіші 16,2%-ға азайды. Қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім 15,4%-ға, туберкулезден - 2,8 есеге төмендеді", - деп хабарлады А.Цой.

2010 жылдан бастап Денсаулық сақтаудыӊ бірыӊғай ұлттық жүйесініӊ аясында "стационарды еркін таӊдау" қағидасы жүзеге асырылды, медициналық қызметтіӊ сапасына оӊ әсер ететін тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемін (ТМКК) ұсынушылар арасында бәсекелестік дами түсті. 2015 жылдыӊ нәтижесі бойынша ТМКК-ны дербес ұсынушыларыныӊ үлесі шамамен 30%-ға жетті, 2010 жылға дейін мүлде болмаған.

"Тұрақты қаржыландыру мен төлем жүйесініӊ жаӊа әдістері еліміздегі халықаралық деӊгейде енгізілетін жоғары әрі бірегей технологиялардыӊ даму тетігін қалыптастырды. Жыл сайын республикада 75 мыӊнан астам кардиохирургиялық оталар жасалады. Асқыну салдары өлім-жітім мен мүгедектікке әкелетін миыныӊ қанайналымы жіті бұзылған ауруларға жоғарғы санатты көмек көрсетілетін 40 инсульт орталығы ашылды. Жоғарғы технологияларды енгізу - жүрек- қантамырлар ауруларынан болатын асқынулар мен өлім-жітім көрсеткішін айтарлықтай азайтты. Нәтижесінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім соӊғы 5 жылда 2 есеге азайды. Ағзалар мен тіндерді транспланттау белсенді түрде дамып келеді. Соӊғы 5 жылда жүрек, өкпе, бауыр, ұйқы безін ауыстыру бойынша 700-ден астам ота жасалды", - деді ДСИДМ басшысы.

А.Цой сондай-ақ ведомство қатерлі ісік ауруларымен күрес бойынша үлкен жұмыс атқарып жатқандығын айтып өтті. Қатерлі ісік ауруларын ерте кезеӊде анықтау үшін скринингті енгізумен бірге, қажеттілікке сай химиялық препараттармен қамтамасыз етуге қомақты қаржы бөлінді. Онкологиялық ауруханалардыӊ материалдық-техникалық базасы күшейтілді, қымбат құрал-жабдықтар сатып алынды. Радиациялық онкологияныӊ 5 жоғарғы технологиялы орталығы құрылды. Астанада шетелдік әріптестермен бірлесе отырып, заманауи талаптарға сай, сырқаттанған адамдарға тегін жоғарғы білікті көмек көрсетілетін Ұлттық ғылыми онколгиялық орталықты құру жоспарланып отыр.

"Сапалы медициналық көмек дегеніміз - бірінші кезекте медициналық кадрлардыӊ жоғарғы біліктілігі деген ұғымды білдіреді. Сондықтан медициналық қызметкерлердіӊ білімін үздіксіз кәсіби жетілдіру жүйесі жаӊғыртылуда. 2015 жылы республикалық бюджет есебінен 14 мыӊнан астам маман, оныӊ ішінде 90 адам шетелде оқытылды", - деп хабарлады Алексей Цой.

Сондай-ақ, вице-министр ҚР ДСИДМ кәсіби бірлестіктермен бірлесе отырып медициналық көмек стандарттарын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Сапаны басқару тетіктерініӊ бірі болып табылатын аккредиттеу жүйесі қазіргі таӊда кепілдік берілген көмек көлемі бойынша мемлекеттік тапсырысты алу барысында басым мәнге ие. Бүгінде ұлттық аккредиттеу стандарттары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Атап айту керек, Ұлттық медициналық холдингтіӊ бірнеше емханасы халықаралық аккредиттеу куәлігін алды. Бұл медициналық туризмді дамытуға, біздіӊ алдыӊғы қатарлы емханаларымызда шетел азаматтарын емдеуге ықпал етеді.

Дәрілік заттардыӊ қолжетімділігі қамтамасыз етілді - 2012 жылдан бастап аурулардыӊ жеке санаттары 48 аурудыӊ түрі мен 400-ден астам дәрілік заттардыӊ атауымен тегін қамсыздандырылып келеді.

"100 мектеп және 100 аурухана" жобасыныӊ аясында 99 денсаулық нысаны салынды. "350 дәрігерлік амбулатория, фельдшер-акушерлік пункттер мен емханалар құрылысы" жобасыныӊ аясында 5 жылдыӊ ішінде 310 денсаулық сақтау нысаны салынды. 2016 жылы 40 нысан салу жоспарланып отыр, бүгінде оныӊ 5 нысанын салу аяқталды.

"Халықаралық сарапшылардыӊ қатысуымен дайындалған 2016-2019 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасыныӊ логикалық жалғасы болып табылады. Ол аталған саладағы жетістіктерді дамыту мен бекітуге бағытталып, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін 2050 жылға дейін жоспарлы түрде дамытуға негіз болады", - деп атап өтті ведомствода.

Бұдан өзге, Мемлекет басшысы айқындаған бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған "100 нақты қадам" Ұлт жоспары денсаулық сақтау саласындағы кешенді шараларды қарастырады. Бұл - жеке сектордағы медицинаны дамыту, корпоративті басқаруды енгізу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, Медициналық қызметтердіӊ сапасы бойынша біріктірілген комиссияны құру.

ЭЫДҰ елдері тәжірибесініӊ негізінде қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылады. Ол санитарлық-эпидемиологиялық қызметті, салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану қызметтерін біріктіретін болады.

"Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті басым түрде қамтамасыз ету, оныӊ профилактикалық бағытын күшейту әрі қарай жалғастырылады. Стационар деӊгейінде медициналық көмек көрсету аймақтандыру қағидасы бойынша жүзеге асырылады - бұл медициналық көмек көрсетудіӊ біріктірілген үлгісі. Мұнда негізгі әлеуметтік маӊызы бар, жұқпалы емес аурулар мен елдіӊ демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар аурулар: миокардтыӊ жіті инфаркті, мидағы қан айналымыныӊ ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және балалыққа басымдық берілген", - деп мәлімдеді А.Цой.

Брифинг соӊында Алексей Цой ҚР ДСИДМ және еліміздіӊ барша медициналық сала өкілдері медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мен азаматтардыӊ денсаулығын нығайтуға бар күш-жігерлерін салатынын атап айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны