02.06.2016, 11:02 3311

ҚР-да бензин бағасын келісіп көтергені үшін "ҚазМұнайГаз Өнімдері", "Гелиос" және "Sinooil" компанияларына айыппұл салынды

Монополияға қарсы заӊнаманы бұзғандары үшін "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС, "Гелиос" ЖШС және "Sinooil" ЖШС-не 182 млн теӊгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті

Астана. 2 маусым. Kazakhstan Today - Монополияға қарсы заӊнаманы бұзғандары үшін "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС, "Гелиос" ЖШС және "Sinooil" ЖШС-не 182 млн теӊгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестік қорғау комитеті (ТМРБҚК) 2015 жылғы қыркүйекте ЖЖМ-ге босату бағаларыныӊ көтерілуіне байланысты монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау нәтижелері бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтарға жүргізілген тергеп-тексерулер негізінде "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС, "Гелиос" ЖШС және "Sinooil" ЖШС қатысты әкімшілік іс қозғалды", - делінген ведомство хабарламасында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен, 2016 жылғы 1 маусымда АИ 92/95 маркалы бензиндеріне бағаларды көтеру және ұстап тұру жөніндегі бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдарды жасауда байқалған "Икімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексініӊ 159-бабыныӊ 2-бөлігін бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС, "Гелиос" ЖШС және "Sinooil" ЖШС тартылғандығы туралы Астана қаласыныӊ мамандандырылған әкімшілік сотыныӊ қаулысы заӊды күшіне енді.

Бұрын "Гелиос" ЖШС және "Sinooil" ЖШС ұқсас бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы Астана қаласыныӊ мамандандырылған әкімшілік сотыныӊ қаулысы заӊды күшіне енгендігін атап өтеміз, олармен айыппұл және алынған монополиялық кіріс мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 94 млн теӊгеден астам төленді.

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС төлейтін сомасы 88 млн теӊгеден асады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны