20.01.2014, 18:52 8037

ҚР-да нақты ғылыми зерттеулер бойынша ғылымды жобалық қаржыландыруға көшіру керек - С.Рахымбекова

Қазақстанда нақты ғылыми зерттеулер бойынша ғылымды жобалық қаржыландыруға көшіру керек. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Азаматтық альянсының вице-президенті Салтанат Рахымбекова мәлiмдедi.

Алматы. 20 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанда нақты ғылыми зерттеулер бойынша ғылымды жобалық қаржыландыруға көшіру керек. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Азаматтық альянсының вице-президенті Салтанат Рахымбекова мәлiмдедi.

"Ғылымды қажет ететін экономика жайында айтар болсақ, отандық ғылым деңгейi әлемдiк көрсеткiшке жеткенге дейiн ғылымды қаржыландыру қажеттiлiгi атап өтілдi. Алайда, олар ел игiлiгi үшiн жұмыс iстейтiн нақты әзiрлемелер болуы тиiс екенiн баса айтты. Осыған байланысты, ғылымды жобалық қаржыландыруға көшу керек секiлдi. Яғни, институттарды қаржыландырудан ғалымдардың шығармашылық ұжымын қаржыландыруға көшу керек", - дедi Азаматтық альянстың вице-президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан өңіраралық экспорттаушылардың жетекшісіне айналуы керектігін айтқан болатын.

"Мемлекет басшысы энергия тасымалына қатысты бiраз мәселелердi қозғады. "Жасыл" экономиканы жақтаушы коалицияның өкiлi ретiнде мынаны атап өткiм келедi, көптеген адамдар "жасыл" экономика дегендi тек қалпына келтiрiлетiн энергия көздерi, яғни, жел, күн, биогаз энергиялары деп түсiнедi", - деді ол.

"Елбасы өз Жолдауында осы мәселеге нүкте қойды. Ол "бiз энергетиканы оның дәстүрлi түрлерiнде дамытатын боламыз" дедi. Бiздiң коалиция қазақстандық жағдайда "жасыл" экономика негiзiнде энергия тиiмдiлiк, ресурстарды сақтау және органикалық ауыл шаруашылығы жатыр деп санайды. Энергия тиiмдiлiк дегенiмiз, ең алдымен, өндiрiс тиiмдiлiгiнiң және дәстүрлi энергия көздерiнiң тұтынылуын жоғарылату болып табылады", - дедi С. Рахымбекова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны