04.08.2015, 16:25 3603

ҚР-да науқастарды емдеудіӊ отбасылық қағидасына көшу қарастырылған - ҚР ДСИДМ

Қазақстанда науқастарды емдеудіӊ отбасылық қағидасына көшу қарастырылған, делінген 2016-2020 жылдарға арналған "Денсаулық" ҚР денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасыныӊ жобасында

Астана. 4 Тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда науқастарды емдеудіӊ отбасылық қағидасына көшу қарастырылған, делінген 2016-2020 жылдарға арналған "Денсаулық" ҚР денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасыныӊ жобасында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Алғашқы медициналық көмектіӊ әмбебаптығы қызмет көрсетудіӊ отбасылық қағидасына кезеӊ кезеӊімен өтудіӊ есебінен қамтамасыз етілетін болады. Қызмет көрсетудіӊ отбасылық қағидасы ағзаныӊ әрбір жастық кезеӊдегі ерекшеліктерін ескере отырып, профилактикаға баса назар аударумен, өмір бойына адамныӊ денсаулығына бақылау жасауды көздейді", - делінген құжатта, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Отбасылық қызмет көрсету қағидасын бірінші кезеӊде, яғни 2020 жылға дейін нақты өӊірдіӊ кадрлық жарақтандырылуына қарай, жалпы тәжірибе дәрігерлері немесе қазір жұмыс істеп жатқан учаскелік дәрігерлерден тұратын жасақталған мульти-тәртіптік командалар жүзеге асыратын болады. Ирі қарай даму үдерісінде тек емханалардыӊ ғана емес, стационарлардыӊ да бейінді мамандары үшін емдеу үдерісініӊ үйлестірушілері болады. Сонымен бірге, кадрлық жарақтандырылуы жеткілікті, халық көп қоныстанған өӊірлерде терапевтік және педиатрлық учаскелерді сақтап қалу мүмкіндігі қаралатын болады.

Бұдан өзге, алғашқы медициналық көмек көрсету саласындағы шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады. МЖС аясында қызмет бейінін сақтау жағдайында одан әрі жекешелендіру мүмкіндігімен осы нысандарды сенімді басқаруға берумен амбулаториялық-емханалық желі құрылысы жоспарланған.

"Медициналық көмектіӊ қолжетімділігі алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерін азаматтардыӊ тұрғылықты жеріне барынша жақындатумен қамтамасыз етіледі. Орта есеппен алғанда жалпы практикадағы бір дәрігерге уақыт өте келе, 1,5 бастап 1,8 мыӊға дейін тұрғын бекітіледі. Оған қоса, жоғары білім берудіӊ жаӊа мемлекеттік стандарттары бойынша бұл заманауи білімдерге, практикалық және коммуникативтік қабілеттерге ие және командада жұмыс жасай алатын кеӊ бейінді мамандар болады", - деп нақтылады "Ұлттық ғылыми медициналық орталығы" АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжин.

Бұдан өзге, алғашқы буын дәрігерлерініӊ қызметтері мен еӊбегін өтеуді қаржыландыру шарттарын жетілдіру жалғасады. Оларды тартуға әлеуметтік қолдау жүйесі құрылады. Ауылды жерлерде жұмыс жасайтындар үшін әлеуметтік пакет құрамы мен көлемі қайта қаралады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны