16.05.2016, 10:56 3965

ҚР-дағы заӊ бұзушылықтыӊ 60%-дан астамы біреудіӊ мүлкін тонаумен байланысты

Қазақстанныӊ криминогендік жүйесінде біреудіӊ мүлкін тонау қылмысыныӊ үлесі 60%-дан асады, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында

Астана. 16 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ криминогендік жүйесінде біреудіӊ мүлкін тонау қылмысыныӊ үлесі 60%-дан асады, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Криминогендік жүйеде біреудіӊ мүлкін тонау негізгі қылмыс. Бұл елімізде қылмыстыӊ 60%-дан астамын құрап отыр. Кейбір аймақтарда бұдан да артық. Оныӊ басым көпшілігі жеӊіл және орташа қылмыстар: ұялы телефон ұрлау, автокөліктен жеке заттарды ұрлау, қалта тонағыштар және тағы басқа. Осындай ұсақ қылмыстардыӊ халықтыӊ басым көпшілігініӊ наразылығын тудырады",-деп хабарлады министр, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Осыған байланысты қазақстандықтардыӊ полиция қызметкерлерініӊ жұмысына көӊілдері толмайтыны рас екенін мойындады министр.

"Бізге осы біреудіӊ мүлкін ұрлаушыларды тамырымен жою әзірге мүмкін болмай тұр. Сондықтан, азаматтардыӊ полиция жұмысына көӊілдері толмайды",-деді ол.

"Сонымен қатар, әкімдіктер мен олардыӊ аймақтардағы құқықбұзушылықты профилактикалау бойынша комиссияларыныӊ көмегінсіз, қоғам болып күреспей, халықтыӊ да атсалысыуынсыз біз бұл қылмысты түбегейлі жоя алмаймыз. Сондықтан, біз белгілі деӊгейде бұл проблеманыӊ шешілуіне жергілікті полицияныӊ құрылуы арқылы қол жеткіземіз, деп сенеміз. Сонымен қатар, осыған байланысты әкімдіктердіӊ жауапкершілігі ауадай қажет",-деді Қ.Қасымов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны