28.10.2018, 13:59 4109

"Кселл" АҚ-ына қатысты монополияға қарсы тергеп-тексеру аяқталды

Қазақстан Республикасыныӊ монополияға қарсы органы "Кселл" АҚ-ныӊ үстем жағдайды теріс пайдаланумен байланысты оған қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

Алматы. 28 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ монополияға қарсы органы "Кселл" АҚ-ныӊ үстем жағдайды теріс пайдаланумен байланысты оған қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

Тұтынушы шағымыныӊ мәні "Кселл" АҚ-ныӊ "Алга-1" тарифтік жоспар бойынша интернетке қол жеткізу лимитінен асып түскеннен кейін 30 мыӊнан астам теӊгені есептен шығару және интернетке қол жеткізу үшін 1 Мб үшін 20 теӊге тариф бойынша төлемақы алуды бастау туралы тұтынушыға хабарламау әрекеттері болды.

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша "Кселл" АҚ-ныӊ әрекеттерінде kcell тауар белгісі бойынша ұялы интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету кезінде абоненттердіӊ заӊды құқықтарына қысым жасайтын тарифтік жоспарлар шарттарын белгілеуден (оныӊ ішінде тарифтік жоспарларды мерзімінен бұрын қайта қосуда абонентте көрсетілетін қызметтердіӊ бонустық топтамасы аяқталған кезде абоненттіӊ мүмкіндігін шектей отырып, неғұрлым жоғары тарифтеуге өту туралы ақпаратты абоненттіӊ назарына жеткізбеу, тарифтік жоспарлардыӊ елеулі шарттары туралы абоненттерді тиісінше хабардар етпеу) көрінген үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері аяқталды.

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша "Кселл" АҚ-ға қатысты әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа қарау үшін жіберілді.

Үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін тергеп-тексеру объектісіне монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістіӊ 5 пайызы мөлшерiнде айыппұл салынады

Бұдан басқа, "Кселл" АҚ-ға Кәсіпкерлік кодекстіӊ нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және тұтынушыларға қаражатты қайтаруды қоса алғанда, олардыӊ салдарларын жою туралы нұсқама шығарылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны