03.04.2008, 13:50 3798

ҚТЖ ҰК АҚ тасымалдарды басқарудың автоматтандырылған орталығын құру жөніндегі құжаттаманы таяу уақыттарда бекітпекші

ҚТЖ ҰК АҚ тасымалдарды басқарудың автоматтандырылған орталығын құру жөніндегі құжаттаманы таяу уақыттарда бекітпекші

Астана. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚТЖ ҰК АҚ тасымалдарды басқарудың автоматтандырылған орталығын құру жөніндегі құжаттаманы таяу уақыттарда бекітпекші. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Темір Жолы ҰК" АҚ-ның ақпараттандыру жөніндегі атқарушы директоры Қали Ибдиев "Темір жол транспортында ақпараттық технологияларды дамыту" атты халықаралық конференцияда мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Тасымалдарды басқарудың автоматтандырылған орталығын құру жөніндегі құжаттама жеке жоспар түрінде таяу уақыттардақаралып, бекітіледі", - деді Қ. Ибдиев.

Оның түсіндіруінше, тасымалдарды басқарудың автоматтандырылған орталығында "тасымалды басқаруды, жалпы поездардың қозғалысын қамтамасыз ететін барлық адамдар жұмыс істейтін болады".

Сонымен бірге, Қ.Ибдиевтің пайымдауынша, "КТЖ Ұлттық компаниясындағы процестерді автоматтандыру және ақпараттандыру процестерінің ағымдағы жағдайына консалтинг жүргізу қажет".

"Олай дейтініміз, бұл жұмыс бұған дейін жоғары деңгейдегі мамандарды қатыстыра отырып, сыртқы көзқарасты қамтамасыз ете отырып жеткілікті деңгейде жүргізілген жоқ. Біз барлық ақпараттық жүйеге халықаралық стандарт талаптарына сай аудит пен осы саладағы әріқарайғы дамудың басты бағыттарын қарау бойынша консалтинг өткізу қажет", - деді Қ. Ибдиев.

Оның еске салып өткеніндей, қазір ҚТЖ ҰК АҚ-ында тасымалдарды оперативтік басқарудың автоматтандырылған жүйесі, оперативтік жұмыстарды бақылаудың диалогтық ақпараттық жүйесі, машинистің бағыттарын өңдеудің автоматтандырылған интеграциялық жүйесі, жол ақпартізімін интеграциялық өңдеудің біртұтас кешені мен жолаушылар тасымалын басқарудың "Экспресс-3" автоматтандырылған жүйесі бар .

""Экспресс-3" жүйесімен билетті Интернет арқылы сатуға мүмкіндік беретін жүйе байланыстырылады, ол биыл іске қосылады", -деді ҚТЖ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны