01.09.2016, 07:10 2138

"ҚТЖ" ҰК" АҚ жылда ұйымдастырылатын "Мектепке жол" қайырымдылық шарасына 465 мыӊ теӊгеден астам қаржы бөлді

Биыл жылда ұйымдастырылатын қайырымдылық шарасына 465 мыӊ теӊгеден астам қаржы бөлінді. Ол қаражатқа мектеп формасы мен сабақ оқуға қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды, 40 аз қамтылған отбасыныӊ балалары мектепке қажет құралдармен қамтылды,- деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Биыл жылда ұйымдастырылатын қайырымдылық шарасына 465 мыӊ теӊгеден астам қаржы бөлінді. Ол қаражатқа мектеп формасы мен сабақ оқуға қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды, 40 аз қамтылған отбасыныӊ балалары мектепке қажет құралдармен қамтылды,- деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны "Теміржолсу" АҚ аталған акцияға белесене атсалысты.

"Теміржолсу" АҚ вице-президенті Мира Темірбекова мен бас маман Маржан Шақаева елордадағы жағдайы төмен және көп балалы жалғызбасты ана атанып отырған Ақтоты Рүстемованыӊ үйіне барып, балаларына мектеп формасы мен оқу құралдарын табыстады.

"Бұл отбасыға "Мектепке жол" акциясынан тыс уақытта да көмек көрсетіп келеміз. Ақтотыныӊ 5 қызыныӊ біреуі - мүгедек. Төртеуі мектепте оқиды. Кіші қызыныӊ денсаулығына байланысты жұмыс істей алмайтындықтан әзірге тек мемлекеттік жәрдемақымен ғана күн көруде. Анасына құдай қуат берсін, балалар ақылды, білімді болып өссін", - дейді М. Темірбекова.

"Жалғыз өзім мына киімніӊ бәрін алып беруге шамам жетпейді. Қазір бәрі де қымбат. Меніӊ отбасылық жағдайымды түсініп, шынайы жанашырлық танытып жатқан "Теміржолсу" ұжымына рахметімді айтамын", - деп А.Рүстемова алғысын білдірді.

Сондай-ақ, компания өкілдері Қоянды елді мекенінде тұратын көп балалы отбасына көмек көрсетті.

Республиканыӊ барлық аймақтарында орналасқан Компанияныӊ 13 филиалы "Мектепке жол" акциясы шеӊберінде қайырымдылық шараларын өткізіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны