30.09.2015, 09:07 6669

ҚТЖ вагондардыӊ техникалық жайын жақсарту мақсатында автоматты бақылау қондырғыларын өндіріске енгізуде.

Жылжымалы құрамдардыӊ техникалық жағдайын автоматты бақылаудыӊ ескі қондырғылары жаӊа буынды заманауи түрлерімен алмастырылуда

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жылжымалы құрамдардыӊ техникалық жағдайын автоматты бақылаудыӊ ескі қондырғылары жаӊа буынды заманауи түрлерімен алмастырылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Магистральдық желі дирекциясы филиалыныӊ автоматтандыру, телемеханика және телекоммуникация департаментініӊ бөлім бастығы Құмаш Зарлықановтыӊ айтуынша, КТСМ жаӊа буынды аппаратура қондырғылары темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бүгінгі таӊда жалпы жол бойында 500 жинақты соӊғы үлгідегі қондырғылар пайдалануға берілген.

Қ.Зарылқановтыӊ хабарлауынша, ендігі жерде вагондардыӊ кездейсоқ тоқтап тұрып қалуы мен вагон букстерініӊ апатты жағдайларын анықтау сапасы жақсара түседі.

"Ресейлік мамандармен бірлескен түрде КТСМ-02 бағдарламалық аппаратураларын жетілдіре отырып, подшипниктердіӊ кассетті типтерініӊ қызып кету көрсеткішін анықтайтын, соған байланысты пойыздардыӊ тоқтап қалуына әкеп соқтыратын КТСМ көрсеткіштері бұрынғыдан да жетілдірілді",- деп атап өтті маман.

"КТСМ-02 жаӊа қондырғысыныӊ бұрынғыға қарағанда көрсеткіштері жоғары. Ол темір жол саласыныӊ қозғалыс қауіпсіздігін жақсартуға қызмет етеді",-дейді Қ. Зарлықанов.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны