11.07.2022, 16:33 15386

Куәлік пен төлқұжат үшін мемлекеттік баж төлеуден кімдер босатылды

Құжаттандыру қызметтерінің қатарында паспорт, жеке куәлік, тұру ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін беру бар.
Куәлік пен төлқұжат үшін мемлекеттік баж төлеуден кімдер босатылды
НҰР-СҰЛТАН. 11 ШІЛДЕ - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында құжаттарды алу кезінде қазақстандықтардың қайсысы мемлекеттік баж төлеуден босатылғанын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Мемлекеттік корпорация" КЕАҚ "Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Құжаттандыру қызметтерінің қатарында паспорт, жеке куәлік, тұру ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін беру бар", - деп хабарлады мемлекеттік корпорациясында.

 
Мемлекеттік баж төлеуден босатылатындар:
 
  • ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;
  • Кеңес одағының батырлары және Социалистік еңбек ерлері;
  • барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек баланың ата-анасының бірі;
  • мүгедектер мен қарттарға арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;
  • жетім балалар және балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • "Батыр Ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілерімен наградталған көпбалалы аналар;
  • Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.
 
Бұл санаттағы тұлғалар паспорт немесе жеке куәлік алу үшін ХҚКО-ға жүгінген кезде мемлекеттік баж төлемеуі тиіс.
 

Егер сіз жеңілдік санатының өкілі бола тұрып, мемлекеттік баж салығын қателесіп төлесеңіз, бұл жағдайда ақшаңызды қайтара аласыз. Ол үшін, ең алдымен, ІІМ аумақтық органына жүгініп, жеңілдік санатын растайтын құжатты ұсыну қажет. Орган сізге төленген түбіртектің талап етілмегені туралы анықтама береді. Бұл анықтамамен ХҚКО-ға жүгіну керек немесе сомманы қайтару үшін eGov арқылы өтінім беру қажет", - деп хабарлады ведомствода.

 
Өтініш қабылданғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде клиенттің шотына қате төленген сомма түседі. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны