05.06.2007, 18:30 3264

Қуат пен толықтырылатын ресурсты тиімді пайдалану стратегиясы үкіметке үстіміздегі жылдың соңында ұсынылады

АСТАНА. 5 - маусым. Kazakhstan Today. Қуат пен орны толтырылатын ресурсты тиімді пайдалану стратегиясы үкіметке үстіміздегі жылдың соңында ұсынылады. Бұл туралы бүгін "Экологиялық тиімді және ресурс үнемдеу технологиялары - 2007" көрмесінің салтанатты ашылуы барысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз қуат пен орны толтырылатын ресурсты тиімді пайдаланудың ұзақ мерзімдік стратегиясының жобасын әзірледік, ол үкіметке осы жылдың ішінде ұсынылады",- деді министр.

Н. Ысқақов сондай-ақ, "министрліктің орны толтырылатын қуат көздері жөніндегі заң жобасын әзірлеп жатқандығын" хабарлады. "Аталмыш құжаттар қабылданысымен, біз осы саланың дамуына ойдағдай жағдай жасаймыз",- деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны