20.11.2015, 20:02 4174

ҚҰФ дәрігерлер мен азаматтарға ортақ бірыӊғай қазақстандық дәрі-дәрмек анықтамалығы болмақ - Т.Дүйсенова

Қазақстанда тіркелген дәрілік заттар, олардыӊ клиникалық тиімділігі, кері әсері және бағасы туралы ақпаратты қазақстандықтар бір көзден ала алады, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова

Астана. 20 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда тіркелген дәрілік заттар, олардыӊ клиникалық тиімділігі, кері әсері және бағасы туралы ақпаратты қазақстандықтар бір көзден ала алады, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Дәрілік заттардыӊ сапасын, қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында 2015 жылдыӊ соӊына дейін Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр (ҚҰФ) жасалатын болады", - деді Т.Дүйсенова, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

ҚҰФ-қа негіз ретінде әлемде "алтын стандарт" болып есептелетін британдық ұлттық дәрілік формуляр алынды, дейді министр.

Т.Дүйсенова айтып өткендей, ҚҰФ Қазақстанда тіркелген барлық дәрілік заттардыӊ тізімін, олардыӊ клиникалық дәлелденген тиімділігі, орын алуы мүмкін кері әсері туралы, әрбір препараттыӊ шекті бағасы жайында ақпаратты қамтитын болады.

Осылайша, министрдіӊ айтуынша, "ол тек дәрігерлер үшін емес, ел азаматтары үшін де үлкен анықтамалық болмақ".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны