12.07.2016, 20:05 4293

Күйдіргі жұқтырған малдыӊ еті Астананыӊ базарларына түсуі мүмкін

Елордадағы санитарлық дәрігерлер тұрғындарға мал етін сатып аларда аса сақ болуды ескертіп, дабыл қағу

Астана. 12 шілде. Kazakhstan Today - Күйдіргі ауруы Астанадаға да қауіп төндіріп тұр. Елордадағы санитарлық дәрігерлер тұрғындарға мал етін сатып аларда аса сақ болуды ескертіп, дабыл қағуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Исіресе, мамандар базардыӊ маӊы, далада есіктіӊ алдында, санитарлық талапқа сай келмейтін орындарда ет сатып тұрғандарға мүлдем жоламауға кеӊес береді. Өйткені, елімізде мал ауруы әлі басылмай тұр. Сондықтан сауда орталықтарындағы сатушылардан міндетті түрде ветеринарлық сертификат немесе зертханалық тексерудіӊ қорытындысын талап ету қажет. Ал, қасапшылардыӊ қолында "мал соятын орын санитарлық талапқа сай" деген анықтама болуы тиіс. Осылайша, әкімдік ветеринарлық қадағалауды күшейтуге кіріскен. Өйткені, бұған дейін бақылаудыӊ жоқтығына базарларға ауру малдыӊ еті түсіп, қаншама адам ауруханадан бір-ақ шықты. Тіпті Қарағанды облысында екі тұрғын күйдіргі індетін жұқтырып, қаза болды. Қазір Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында күйдіргі дертіне байланысты карантин жарияланған. Осы жағдайдан кейін Қытай мен Ресей елімізден ет тасымалдаудан бас тартты, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны