11.10.2017, 16:12 4805

"Құқық қорғау қызметтері орталығы" Қызылорда және Ақтөбе облыстарында ашылды

Республика бойынша прокурорлар жылына 50 мыӊ адамды қабылдайды. Олардыӊ арыз-шағымы сотқа дейін тергеп-тексеру, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық сот актілері, әлеуметтік сала мәселесімен байланысты.

Астана. 11 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда және Ақтөбе облыстарында"Құқық қорғау қызметтері орталығы" ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Халыққа құқықтық көмек көрсету - прокуратура органдарыныӊ басты мақсаты. Биыл болашаққа бағдар, рухани жаӊғыру атты Елбасы жолдауымен Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы басталды. Қайта түлеудіӊ айрықша маӊызды екі процесі - саяси реформа мен экономикалық жаӊғыру қолға алынды.

Мақсат айқын, бағыт белгілі, ол әлемдегі дамыған 30 ел қатарына қосылу.

Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаӊғыру да тарихтыӊ өзі сияқты жалғаса беретін процесс.

Прокуратура қызметі әлемніӊ көшбасшы елдері талабына сай жаӊғыртылып, жаӊа заӊ қабылданды.

Прокуратура қызметі де жаӊғырды. Басым бағыттарайқындалып, жұмыс тәсілдері жетілдірілді.

Мәселен түйіні тарқамаған еӊ күрделі мәселеніӊ бірі азаматтарды қабылдап, мұӊ-мұқтажын тыӊдап, арыз-шағымын қарап,құқықтық көмек көрсету.

Республика бойынша прокурорлар жылына 50 мыӊ адамды қабылдайды. Олардыӊ арыз-шағымы сотқа дейін тергеп-тексеру, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық сот актілері, әлеуметтік сала мәселесімен байланысты.

Елбасы: "Адамдарды қабылдап, тыӊдау керек, олардыӊ талап-тілектері ұсақ болса да шешілуі тиіс", - деп барлық мемлекеттік органдарға тапсырма берген.

Осы тапсырманы орындау мақсатында 21-шілдеде Бас прокуратура ғимаратында "Құқық қорғау қызметтері орталығы" ашылды. Орталықта азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсету, адам құқығынжедел түрде қорғау қолға алынған.

Басты мақсат адамдарды әуре-сарсаӊға салмай мұӊ-мұқтажын бір жерден шешу үшін тиісті мемлекеттік және уәкілетті органдармен байланысып, заӊ шеӊберінде олардыӊ құқықтарын қорғау.

Келушілерді мамандар қарсы алып, арыз-шағымдарын рәсімдеп, мәселеніӊ байыбына бару үшін тиісті сала бойынша прокурорға жолдайды.

Прокурорлар азаматтардыӊ мұӊ-мұқтажын мұқият тыӊдап, заӊды түсіндіріп, кеӊестер беріп, қажетті органдармен телефон арқылы жедел байланысып, мейлінше жан-жақты әрі жылдам көмек көрсетеді. Тиісті органдарға арыз жазу қажет болса адвокатқа жолдап, арыз тегін жазылып беріледі.

Прокурор арызды өзі қарауға міндетті болса жазбаша арызды өзініӊ өндірісіне қабылдайды.

Сонымен қатар, пробациялық қызмет, медиатор, нотариус, кәмелетке толмағандарға көмек, сот актілерін орындауға қатысты мәселелер бойынша тегін құқықтық көмектүрлері көрсетіледі.

2 айда Орталыққа 2552 адам келіп, оныӊ1 436-сы жазбаша арызданған. Прокурорлар 1110 адамды қабылдаған, оныӊ 384 сотқа дейінгі тергеп-тексеру, 149 әлеуметтік-экономикалық саладағы заӊ бұзушылыққа шағымданған, 380азаматтық, әкімшілік, атқарушылық өндіріс, 148 қылмыстық істер бойынша сот актілерімен келіспеген, 49 адам басқа да мәселелер бойынша жүгінген.

616 адамға заӊ талабы түсіндірілді және 308 арыз қабылданды, сондай-ақ төмен тұрған прокурорлар мен басқа да органдарға 160 арыз бақылаумен жолданды.

97 азаматқа электрондық цифрлық қолтаӊбасы беріліп, оныӊ көмегімен басқа мемлекеттік органдарға 76 электронды және 155 видео өтініштер жолданған.

Мұндай орталықтар Қызылорда және Ақтөбе облыстарында ашылды. Жыл соӊына дейін барлық облыстарда орталықтар ашу жоспарланып отыр.

Кейбір адамдар заӊға да, сөзге де тоқтамайды. Олардыӊ шаршағанына түсіністікпен қарап, жылы сөзбен көмек көрсету қажет. Орталықтыӊ психолог-маманы 124 адамға көмек көрсетті.

Ережеге сай Орталық айына бір рет Бас Прокурор мен оныӊ орынбасарларымен азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді.

Орталық халыққа қызмет жасау үшін құрылған, сондықтан келем деушілерге есік ашық, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорыныӊ аға көмекшісі Е.Тұрмағамбетов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны