06.05.2008, 19:54 3009

Құқық қорғаушы Тараздың тергеушілері мен судьяларын объективсіз тергеу жүргізді және кінәсіздерді соттады деп айыптап отыр

Құқық қорғаушы Тараздың тергеушілері мен судьяларын объективсіз тергеу жүргізді және кінәсіздерді соттады деп айыптап отыр

Алматы. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Құқық қорғаушы Тараздың тергеушілері мен судьяларын объективсіз тергеу жүргізді және кінәсіздерді соттады деп айыптап отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз бұл проблеманы шешу үшін барлық заңды әдістерді пайдаландық. Еш нәтиже болмағаннан кейін қоғамға жүгінуді жөн санадық", - деп мәлімдеді баспасөз мәслихатында Жамбыл облысындағы "Қоғамдық қорғау" қоғамдық қоры өкілдігінің қызметкері Роза Кушакова.

Оның айтуынша, Тараздың кейбір тергеушілері кінәсіз адамдарға қатысты қылмыстық істерді лезде қолдан жасайды және оны сотта бұзу еш мүмкін емес. Атап айтқанда, әдейі кісі өлтірді деген айыптаумен 19 жылға бас бостандығынан айырылған Андрей Иванченконың ісі аталды.

Р. Кушакованың айтуынша, 2005 жылдың наурыз айында полицияның 3 қызметкері түнгі кезекшілікте жүріп, нөмірі жоқ күдікті көлікті байқаған. Сол уақытта көлікке қарай үйіндіден спорттық сөмкесі бар ер адам сырғанап түсіп келе жатқан. Полиция қызметкерлері көлікке келіп жүргізушіден көліктің құжаттарын көрсетуді сұраған. Ал сол кезде полицейлердің бірі жолаушыға жақындаған. "Екі полиция қызметкерінің түсіндіруі бойынша, олар (полиция қызметкері мен кісі өлтіруші - агенттік ескертпесі) бір-бірімен сөйлесіп тұрған. Атыс естілген соң жүргізуші жолаушымен бірге көлікке отырып, іздерін суытқан", - деп түсіндірді құқық қорғаушы.

Самайынан жарақат алған полиция қызметкері ауруханада көз жұмған. Кісі өлтірушілер сол түні табылмаған. Көлік жүргізушісі қашып кеткен, ал жолаушының аты-жөні жылдам анықталмады. Р. Кушакова мен А. Иваненконың шешесі Людмиланың айтуларынша, Андрейді тек қана сол аудандағы спортпен айналысатын болып шыққаны және спорт сөмкемен жүретіні үшін соттаған. "Мен тергеушіден: "Ал егер көлік басқа жерде болса ше", - деп сұрап едім, "Ол жерден де спортшы табылар еді", - деп жауап берді", - деп жылап еңіреп тұрып айтты сотталушының шешесі.

Қарудағы саусақ іздері Андрейдікі болмағаны, ал жолаушылар орындығындағы шаш және басқа да айғақтар істен жоғалғандығына қарамастан А. Иваненконы соттаған.

"Полиция қызметкерлері сол күні сұралған. Олар қылмыскердің түр-тұлғасын байқамағандарын айтқан", - деп хабарлады Р. Кушакова. Бір жыл өткеннен кейін сол полиция қызметкерлері Андрейдің суретін көрсетіп қылмыскерді сипаттап берген.

Л. Иваненконың айтуынша, полиция қызметкерлері оған бірден оның ұлы кісі өлтіруші екендігін мәлімдеген. Тіпті олар өздерінің әріптестерін өлтіргені үшін кек аламыз деп те қорқытқан. Қорыққан ана екі жыл бойы Андрейді полициядан жасырып келген. Олар полиция бөлімшесіне тек сотта Андрейді білмейтінін мәлімдеген көлік жүргізушісі сотталғаннан кейін келген.

Сонымен қатар, Р. Кушакова топ болып соққыға жыққаны үшін сотталған гимназияның үш қызының ісі жайында әңгімеледі. Оның айтуынша, жасөспірім екі қыз Жұлдыз Сағалова мен Аня Коренева төбелескен. Оны тағы екі қыз бақылап тұрған. Екі жыл өткеннен кейін Аня мен куәгерлерді топ болып соққыға жықты деп айыптаған.

Құқық қорғаушы мен Аннаның шешесі Любовь Кореневаның айтуларынша, істе көптеген заң бұзушылықтар орын алған. Атап айтқанда, жеті ай бойы қыздар да, олардың ата-аналары да іс жүріп жатқаны жайлы білмеген. "Жәбірленуші" диагнозы қолдан жасалған. Ал Жұлдыздың жауаптары үнемі өзгеріп отырған.

Қазір 14 жастағы үш қыз ҚР Қылмыстық кодексінің 257 бабы 2 тармағы (Бұзақылық) бойынша сотталған. "Біз бір жылдан астам уақыт бұрын қарсы арыз жаздық, алайда жауап әлі күнге жоқ", - деді Любовь Коренева.

Екі іске де қазір шағым түсіріп отыр. Сотталушылардың аналары басқа тергеушілердің жетекшілігімен объективті тергеу жргізуді қадағалау органынан өтініп отыр. "Олар, тым болмаса, барлық мүмкін инстанцияларға жіберілген, алайда жауабы әлі күнге дейін алынбаған көптеген шағымдарға жауап берсе екен", - дейді шарасы таусылған ата-аналар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны