13.04.2012, 12:43 4064

Құлаған үйдің тұрғындарына баспана беріледі

Бұл мақсатқа қала әкімінің қорынан 300 миллион теңге қарастырылып отыр. Ал ол қаражат кейін іздеуде жүрген бас мердігерден өндіріліп алынбақ. Қазір сапасыз салынған құрылысты қабылдап алған жауапты мамандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды. 13-сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласының "Бесоба" ықшам ауданындағы құлаған үйдің тұрғындарына 2 ай ішінде баспана беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы тұрғындармен болған кездесуде қала әкімі Бауыржан Ибдішев мәлімдеді.

Бұл мақсатқа қала әкімінің қорынан 300 миллион теңге қарастырылып отыр. Ал ол қаражат кейін іздеуде жүрген бас мердігерден өндіріліп алынбақ. Қазір сапасыз салынған құрылысты қабылдап алған жауапты мамандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қала басшысы Бауыржан Ибдішевтің айтуынша, "Бесоба" ықшам ауданындағы қалған 5-ші, 6-шы және 7-ші үйдің тұрғындарына алаңдауға негіз жоқ. Ғылыми институт мамандары арнайы құралдардың көмегімен бұл үйлердің жағдайын күнделікті бақылап отыр.

"Қазіргі күні "Бесоба" ықшам ауданындағы қалған үш үйдің техникалық жағдайы қанағаттанарлық. Біз келесі аптадан бастап бұл үйлердің іргетасын бекітуді қолға аламыз. Бұл үйлер кәсіби мамандардың күнделікті жіті бақылауында", - деп мәлім етті Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Ибдішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны