28.10.2015, 19:49 3947

Кулагин калачиліктерге қатты сөйлеуініӊ себебін түсіндірді

Кулагин калачиліктерге қатты сөйлеуініӊ себебін түсіндірді. Икімніӊ айтуынша, жұмбақ дерт дендеген ауылдан "көшпейміз" деп отырғандардыӊ Калачиде кәсібі бар екен. Сол бизнестерініӊ тоқтап қалуынан қорыққандар халықты қоныс аудармауға үгіттеп, аймақ басшысына қарсы қойған көрінеді

Астана. 28 Қазан. Kazakhstan Today - Кулагин калачиліктерге қатты сөйлеуініӊ себебін түсіндірді. Икімніӊ айтуынша, жұмбақ дерт дендеген ауылдан "көшпейміз" деп отырғандардыӊ Калачиде кәсібі бар екен. Сол бизнестерініӊ тоқтап қалуынан қорыққандар халықты қоныс аудармауға үгіттеп, аймақ басшысына қарсы қойған көрінеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сергей Кулагин, Ақмола облысыныӊ әкімі:

-Калачида 4-5 адамныӊ цехі мен бірнеше дүкені бар. Ұйқы басқан ауылдан көшпеу керек деп жұртты дүрліктіріп жүрген солар. Ал, аурудыӊ қайталанбайтынына кім кепіл? Калачиліктерге деп бюджеттен 2 миллиард теӊге бөлінді. Есіл мен Державинкадан жаӊа баспана салдық. Сонда осынша еӊбектіӊ, қаржыныӊ желге ұшқаны ма?

Ақмола облысы әкімініӊ кабинетіне арыз айтып барған жұртқа қайтарған кешегі жауабы көпшіліктіӊ жағасын ұстатқан болатын. Дәл осы кездесуде Сергей Кулагин "Калачиден көшпейміз" деп келгендерге ашуланып, жекіп тастаған еді. Енді бүгін аймақ басшысы елді дүрліктіріп жүргендер бизнесінен айырылмау үшін халықты арандатып отыр дейді. Ал, 4 жылдан бері дерт дендеген ауылдағы сырқаттыӊ себебін әлі ешкім анықтай алмай келеді, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Отандық, шетелдік ғалымдар мұндағы топырақ, ауа, судан сан сынама алса да нәтиже жоқ. Қазір ауру аздап басылғандай. Сондықтан тұрғындар жаӊадан салынған баспанаға көшкісі келмей қалыпты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны