07.06.2012, 11:06 1482

Құлап қалған "Бесоба" үйінің тұрғындары жаңа пәтер немесе материалдық өтемақы алады

Бұл туралы Қарағанды әкімі Бауыржан Ибдішев журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

Қарағанды. 7-маусым. Kazakhstan Today - Құлап қалған "Бесоба" үйінің тұрғындары жаңа пәтер немесе материалдық өтемақы алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қарағанды әкімі Бауыржан Ибдішев журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

Қала басшысы құрылған комиссия 11 сәуірге дейін ТЖ себептерін қарастырып, жәбірленушілердің қайсына жаңа пәтер, қайсына материалдық өтемақы берілуі тиіс екенін анықтайтынын атап өтті.

Икім адамдар баспананы жаңа үйлерден алатынын атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, ақшаны қала бюджеті қорынан алу жоспарлануда. Немесе Қарағанды басшысы облыс әкімінен көмек сұрамақ.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Қарағандының "Бесоба" шағын ауданындағы 8-кіреберісті көпқабатты тұрғын үй құлады. Ол жерден бұдан бұрын 138 адам қоныс аударған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны