05.09.2011, 18:35 4354

Құлыбаев Самұрық-Қазынаға мамандарды ынталандырудың жаңа жүйесін әзірлеуді тапсырды

Т.Құлыбаев дүйсенбі күні еншілес компаниялар мен ұйымдардың басшыларымен кадрлық саясат мәселелері бойынша кеңес өткізген.

Астана. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев мамандарды ынталандырудың жаңа жүйесін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Т.Құлыбаев дүйсенбі күні еншілес компаниялар мен ұйымдардың басшыларымен кадрлық саясат мәселелері бойынша кеңес өткізген.

"Ұлттық компаниялардың жетекшілері персоналдың әлеуметтік ахуалы мәселелерімен нақты айналысуға тиіс. Теңдестіруден алшақтау керек. Ир компанияның мүмкіндіктері әр түрлі, бірақ әрқайсысы кадрларды ынталандырудың өз жүйесін жасауға тиіс", - деді ол кеңес барысында.

Ол қордың ұзақ мерзімді оқытуға қатысты кадрлық саясатын қайта қарауды, "кадрлық резервке формальды түрде қарауды өзгертуді" ұсынды, делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Қор басшысының бағалауынша, сапалы кадрлық саясат компанияларда инновациялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды тетігіне айналуға тиіс.

Қор персоналдық лайықтылық, бастамашылдық, компанияның істеріне араласу критерийлеріне қарап, кадрлық жұмысты бағалаудың жаңа межелерін белгілеуді жоспарлап отыр.

Ұлттық компаниялардағы персоналдың қанағаттану деңгейін бағалу мақсатымен жүргізілген зерттеу кадрлық саясаттың күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп берді.

"Компаниялар тобындағы персоналды ынталандыру бағдарламасын қайта қарап, зерттеудің ортақ тетіктерін жасау керек. Өйткені ынталандыру жүйелерін әзірлеуде жіберілген қателіктер қызметкерлерді ынталандыруға кеткен шығындар күткен нәтижеге әкелмейтін жағдайға жеткізеді", деп мәлім етті адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Гүлмира Раисова.

Сондай-ақ, кеңесте қор компанияларының жұмыскерлерін басымдықты техникалық мамандықтарға оқыту мен дайындау мәселелері қаралды. 2012 жылы кадрлық резервке енгізілген еншілес ұйымдардың 40-тан аса жұмыскерін ұзақ мерзімді оқуға жіберу жоспарланған (магистратура, тәжірибе жинақтау, докторантура).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны