06.06.2011, 16:59 4616

Құл-Мұхаммедтің пайымдауынша латын жазуына көшу заман талабы

"Мәселе өте күрделі, өте үлкен пікірталасты қажет етуде. Мен бұл мәселеде соңғы сөзді айтатын адам емеспін, егер жоғары деңгейде шешім қабылданса, біз оны орындауға дайынбыз", - деді Құл-Мұхаммед, депутаттың тиісті сұрағына жауап беріп.

Астана. 6 - маусым. Kazakhstan Today - Құл-Мұхаммедтің пайымдауынша латын жазуына көшу заман талабы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ҚР Мәдениет министрлігі егер жоғары деңгейде тиісті шешім қабылданса, қазақ әліпбиін кириллицадан латын жазуына көшіру мәселесіне дайын. Бұл туралы бүгін ҚР Парламент Мәжілісіндегі үкімет сағаты барысында ведомства басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлімдеген.

"Мәселе өте күрделі, өте үлкен пікірталасты қажет етуде. Мен бұл мәселеде соңғы сөзді айтатын адам емеспін, егер жоғары деңгейде шешім қабылданса, біз оны орындауға дайынбыз", - деді Құл-Мұхаммед, депутаттың тиісті сұрағына жауап беріп.

Мәдениет министрлігінің жетекшісі Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясында екі рет "латын жазуына көшу мәселесін мұқият зерттеу керектігі" жөнінде тапсырма бергенін ескертті.

"Егер бұл шынымен де уақыт талабы болса, егер шынымен де ғылыми, педагогикалық қоғам бұл идеяны қолдаса, егер біздің қоғам үшін пайдалы болса, онда латын жазуына шүбәсіз көшу керек", - деп есептейді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны