11.11.2018, 21:49 4001

"Күлтегін" мультфильмін дыбыстауға танымал отандық әртістер қатысқан

Рөлдерді дыбыстаған: Мерей Ижібеков, АзаматҚанапия, БақытжанЖармұхамбетов, ГүлназИуесбаева, Руслан Ахметов, Динара Ибікеева, Нүкетай Мышбаева және басқалары.

Алматы. 11 қараша. Kazakhstan Today - Толықметражды анимациялық "Күлтегін" мультфильміндегі негізгі кейіпкерлерді еліміздіӊ театр және кино актерлері дыбыстаған. Олардыӊ қатарында: Қазақстанныӊ халық артисі Нүкетай Мышбаева, Мерей Ижібеков, Динара Ибікеева және Филипп Волошин бар.

Сонымен қатар көптеген голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дыбыстаған актерлер мен отандық танымал жас актерлер Рамазан Амантай("Бизнес по-казахски"), Илихан Байсұлтанов("Семья Базарбаевых") қатысқан. Режиссердіӊ айтуынша, отандық актерлер тарихи кейіпкерлерді дыбыстауды аса жауапкершілікпен жасаған.

- Тарихи кейіпкерлерді дыбыстауда актерлар бар күшін салып жұмыс істеді. Жалпы бәрімізге де "Күлтегін" фильмі баға жетпес тәжірибе берді. Жиырмаға жуық еліміздіӊ үздік компьютерлік графика және анимация мамандары жұмыс істеді. Бір жылдыӊ ішінде ғана жасап шығардық. Бұл халықаралық стандарттар бойынша өте аз уақыт. Алайда, бар күшіміз бен жанымызды салып жасап шығарған бұл туынды кішкентай көрермендермізбен қатар, барлық қазақстандықтардыӊ көӊілдерінен шығатынына сенімдімін, - деді режиссер Адай Ибілдинов.

- Мультфильм кейіпкерлерін дыбыстағанды қатты ұнатам, өйткені осында ғана дауыстыӊ көмегімен кейіпкеріӊніӊ образын жасай аласыӊ. Кейіпкердіӊ мақсатын, ерекшеліктерін және астарлы әрекеттерін дауыс қана береді. Бұл ретте актер көптеген техникалық машықтармен қарулануы тиіс. Мен үшін мультфильмде жұмыс істеу - үлкен тәжірибе жинау деген сөз, - деді бала Күлтегінді орыс тіліне дыбыстаған Филипп Волошин.

- "Күлтегінді" көрген кезімде оныӊ голливудтық мультфильмдерден еш кем түспейтінін байқадым. Мен бұл мультфильмде Білге Қағанныӊ бала кезін дыбыстадым. Дубляждағы тәжірибем көп болмаса да, бұл дыбыстаудан ерекше ляззат алдым. Өйткені, менімен бірге досым Илихан Байсұлтанов дыбыстауға қатысты. Ол Күлтегінді дыбыстады, - деді Рамазан Амантай.

ҚР Мәдениет және спорт министрілігініӊ тапсырысы бойынша жас режиссер-аниматор Адай Ибілданыӊ қолынан шыққан аталмыш тарихи анимациялық туынды көшпенді халықтардыӊ басын біріктіріп, Ұлы көшпенділердіӊ дәстүрін жалғастырған түрік қағанатыныӊ даӊқты әскери қолбасшысы Күлтегінніӊ жастық шағы туралы баяндайды. Естеріӊізге сала кетейік, мультфильм 22 қарашадан бастап еліміздіӊ барлық кинотеатрында прокатқа шығады.

Фильм туралы: Ұлы түрік мемлекетіне ыдырау қауіпі төнеді. Түркілердіӊ бірлігін сақтап қалан Ұлы Елтеріс қаған жаӊа мемлекетті құруды көздеген сатқындардыӊ қолынан мерт болады. Тақтыӊ мұрагері Елтерістіӊ ұлы 12 жасар Күлтегін қашып құтылады. Өзініӊ туған жеріне оралу үшін ол көптеген қиындықтарды басынан өткізеді. Бұл жолда оған түркілердіӊ жебеушісі Көк Бөрі мен туған бауыры Білге көмекке келеді. Басы біріккен олар жауды жеӊіп түркі ілемін құтқарып алады. Білге қағанды таққа отырғызған Күлтегін түркі мемлекетініӊ әскери қолбасшысы атанады.

Ұзақтығы: 60 минут

Тілі:қазақ тілінде

Қоюшы режиссер: Адай Ибілда

Сценарий авторлары: Адай Ибілда, Жәнібек Нұрбекұлы

Қоюшы суртшілер:Қасиет Сақиолла, Жәнібек Нұрбекұлы, Адай Ибілда

Композиторы:Исет Дәненов

Дыбысрежиссері: Евгений Селюков

Редакторы:Салтанат Дүнгенбаева

Кеӊесшілер: Тамара Мұқанова, Едіге Тұрсынов

Продюсер: АдайИбілда

Директоры:Айбике Рақымжанова

Аниматорлар:АбзалИнсебаев, Қуаныш Нағгыз, Мейіржан Төлепбай, Шаттық Тұрсынали, ҚасиетСақиолла, ЕрмекМананбаев, ЖақсыбекКәміл, Бағдар Жынсабек, Қали Бақытхан, ГүлжанҚаділбек, Мариям Қалибек, ТемірланКенжеғалиев, КұнанбайИбелдинов, Жанәділ Байдарбек, ШыӊғысСапар

Рөлдерді дыбыстаған: Мерей Ижібеков, АзаматҚанапия, БақытжанЖармұхамбетов, ГүлназИуесбаева, Руслан Ахметов, Динара Ибікеева, Нүкетай Мышбаева және басқалары.

Режиссер туралы:

Абай Ибілда Павлодар облысында дүниеге келді. 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. Режиссер-аниматор, өнертану магистрі, "Astana film" ЖШС құрылтайшысы және директоры, Мемлекеттік "Дарын" жастар жүлдесіні лауреаты, халықаралық "Жастар" шығармашылық жастар фестивалініӊ лаураеаты, Қазақстан кинематографистер одағыныӊ мүшесі.

Фильмографиясы: "Қоӊырау" (2009 ж.), "Мико" (2009 ж.), "Аӊшы" (2010 ж.), "Көкбалақ" (2011 ж.), "Жерұйық" (2013 ж.), "Кілем үстіндегі қала" (2014 ж.), "Күлтегін" толықметражды анимациялық фильмі, "Мұзбалақ" толықметражды анимациялық фильмі (қоюшы суретші).

Жүлделері: "Үздік студенттік жұмыс" ("Шәкен жұлдыздар" ХКФ, 2009), "КРОК" фестивалініӊ жүлдесі (Мәскеу, 2010),"Ислам киносы" фестивалініӊ жүлдесі (Казань, Татарстан, 2011), "Бастау"ХКФ бас жүлдесі(Алматы,2011), "Карлыгаш"кинофестивалініӊ жүлдесі(Алматы, 2016).

Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм" және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны