15.05.2008, 19:30 2838

"Құмтөр" жобасы бойынша барлық дау-дамайлар халықаралық арбитражда қаралуға жатады - Centerra Gold

"Құмтөр" жобасы бойынша барлық дау-дамайлар халықаралық арбитражда қаралуға жатады - Centerra Gold

Бішкек. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Құмтөр" жобасы бойынша барлық дау-дамайлар халықаралық арбитражда қаралуға жатады. Бұл жайында кеше Құмтөр алтын кенішінің инвесторы Centerra Gold компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, мұндай мәлімдеме бұқаралық ақпарат құралдарындағы Қырғызстанның Жоғарғы соты "Құмтөр" жобасы қызметіне жататын кейбір келісімдер мен лицензияларды тоқтатуды үкіметке міндеттейтін жарлық шығарды деген ақпараттан кейін жасалып отыр.

Centerra Gold компаниясының баспасөз қызметі істердің ешқайсысы бойынша қандай да бір тарап ретінде шықпайтынын, Қырғызстан Республикасының Жоғарғы сотына жолданған арыз жөнінде ешқандай ақпарат алмағандарын және жарыққа шыққан жарлық жайында ресми түрде хабар берілмегенін түсіндірді.

Сонымен қатар, арызда компания жағдайдың дамуы жайындағы хабарларды күтіп отырғаны және үкімет тарапынан тиісті түсініктемелерді алу үшін барлық қажетті әрекеттерді жасайтыны көрсетілген.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Ыстықкөл облысының Жетыоғыз ауданының салық комитеті Құмтөр алтын кенішінің Канадалық инвесторларынан 94 млн 177 мың сом мөлшерінде жер салығын өндіріп алу жөнінде сотқа арыз берген. Сотта мемлекеттік комитеттің мүдделерін қорғайтын Қырғызстан Республикасының парламентінің вице-спикері Қуанышбек Исабековтың пайымдауынша, бұл сома канадалықтардың төлемеген салық және басқа да төлемдері бойынша есептеулер нәтижесінде қалыптасқан. Ол сома Құмтөр алтын кен орнының жаңа келісімін парламент бекіткенге дейін төленуі тиіс.

Қырғызстан Республикасының Жоғарғы соты 12 мамырда Қ. Исабековтың өтінішін қаөтінішін қанағаттандырып Қырғызстанның ірі алтын кен орыны Құмтөр бойынша барлық келісімдер мен лицензиялардың күшін жойған.

Құмтөр кенішін 1992 жылғы бас келісім бойынша Канадалық инвестор игеруде. Президент Асқар Ақаев кезіндегі үкіметтің іс-әрекеттерінің нәтижесінде Қырғызстанның алтын алудағы үлесі 70 пайыздан 30 пайызға төмендеген. Centerra Gold компаниясы 5 жыл бұрын құрылған. Қырғызстан оның акциясының 15 пайызын иеленеді. Өткен жылы жасалған келісім Құмтөр кенішіндегі алтын алудағы Қырғызстанның үлесін ұлғайтқан.

$1 = 36,4395 сом.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны