10.06.2008, 11:24 1253

Күн райының өзгеру проблемасын шешуге жұмсалған инвестициялар қомақты дивидендтер әкеледі - БҰҰ

Күн райының өзгеру проблемасын шешуге жұмсалған инвестициялар қомақты дивидендтер әкеледі - БҰҰ

Алматы. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Күн райының өзгеру проблемасын шешуді шығынды шаруа деп санауға болмайды, өйткені, бұл саладағы күш -жігерлер даму саласында ауқымды мүмкіндіктер ашып, жұмсалған инвестициялар қомақты дивидендтер әкеледі. Бұл туралы БҰҰ Бас ассамблеясының күн райының өзгерісімен күреске жеке меншік инвестицияларды жұмсаудың роліне арналған арнаулы шараға қатысушылар атап көрсетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Күн райының өзгерісімен күресте тез арада ілгерілеушілікке қол жеткізу үшін бізге барлық секторлар мен топтардан, әсіресе, жеке меншік сектордан серіктестер керек", -деп мәлімдеді БҰҰ Бас ассамблеясының 62-ші сессиясының төрағасы Срджян Керим.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны