31.10.2016, 15:33 6545

"Құнанбай" фильмі Уфада өткен "Күміс Ақбозат" атты ұлттық және этникалық фильмдер фестивалінде "Ұлттық рух" жүлдесімен марапатталды

Халықаралық "Күміс Ақбозат" кинофестивалі әлем халықтарыныӊ рухани және мәдени құндылықтарын насихаттауға, ұлттық және этникалық бағыттағы фильмдерді түсіруші кинематографистер шығармашылығын дәріптеуге, Ресей аймақтары және шетелдермен мәдени қатынасты дамыту үшін арнайы ойластырылған.

Алматы. 31 қазан. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Құнанбай" фильмі Уфа қаласында қазанныӊ 26-ы мен 28-і аралығында өткен "Күміс Ақбозат" атты ІІІ Халықаралық ұлттық және этникалық кинофестивалінде Имір Ибдіразақов атындағы "Ұлттық рух" жүлдесімен марапатталды, деп хабарлайды киностудияныӊ баспасөз қызметі.

"Құнанбай" фильмі - атақты дала кемеӊгері, қарадан шығып хан атанған Ұлы Абайдыӊ әкесі - Құнанбай Өскенбайұлыныӊ өнегелі өмірініӊ бір кезеӊін қамтиды. Картинаныӊ режиссері Қазақстанныӊ Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтыӊ иегері, қазақ мәдениетініӊ көрнекті қайраткері, өнер ардагері Досхан Жолжақсынов.

"Шығармашылық топтыӊ фильмді түсірердегі мақсаты: халқымыздыӊ құндылықтарын дәріптеу арқылы, жастардыӊ бойында ұлттық рухты ояту болды. Енді міне, бүгінде еӊбегімізді бағаланып жатыр. Картинаны түсіруге атсалысқан түсіру тобын осы жеӊіспен құттықтаймын", - деді фильмніӊ режиссері Досхан Жолжақсынов.

Естеріӊізге сала кетсек, "Құнанбай" тарихи көркем фильмі былтыр қыркүйек айында прокатқа шыққан. Осы жылдыӊ қыркүйек айында Ресейдіӊ Липецк қаласында өткен XII Халықаралық мұсылман кино фестивалініӊ негізгі байқауында көрсетілген болатын.

Ал 30 қыркүйекте "Еуразия" кинофестивалі шеӊберінде аталмыш фильм Ұлттық кинематография өнері және ғылымы академиясы тағайындаған "Тұлпар" ұлттық киножүлдесімен марапатталды. Басты рөлді сомдаған актер Досхан Жолжақсынов "Еӊ үздік ер адам рөлі" жүлдесімен, фильмніӊ композиторы Төлеген Мұхамеджанов "Фильмніӊ еӊ үздік музыкасы" жүлдесімен, ал картинаныӊ қоюшы суретшісі Рустам Одинаев "Еӊ үздік суретші-қоюшы жұмысы" жүлдесімен марапатталды. Сонымен қатар, марқұм Таласбек Исемқұлов және Досхан Жолжақсынов жазған фильмніӊ сценарийі үздік деп танылды.

Халықаралық "Күміс Ақбозат" кинофестивалі әлем халықтарыныӊ рухани және мәдени құндылықтарын насихаттауға, ұлттық және этникалық бағыттағы фильмдерді түсіруші кинематографистер шығармашылығын дәріптеуге, Ресей аймақтары және шетелдермен мәдени қатынасты дамыту үшін арнайы ойластырылған. Кинофестиваль Уфа қалалық округі әкімдігініӊ қолдауымен Башқұртстан үкіметі мен Башқұртстан Республикасыныӊ мәдениет министрлігі, "Башқұртстан" киностудиясыныӊ ұйымдастыруымен өтеді.

Анықтамалық ақпарат: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылға дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны