18.01.2010, 17:35 3561

Күннің айналасындағы жер орбитасының тылсым өзгерісі үшін жауапкершілік күңгірт материяға тиесілі болуы мүмкін - итальяндық физик

Күннің айналасындағы жер орбитасының тылсым өзгерісі үшін жауапкершілік күңгірт материяға тиесілі болуы мүмкін - итальяндық физик

Алматы. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Итальяндық физик Лоренцо Йорио анықтағандай, Күннің айналасындағы жер орбитасының тылсым өзгерісі үшін жауапкершілік күңгірт материяға тиесілі болуы мүмкін. Осындай нәтижеге әкелген мақала жариялауға әзірге қабылданбағанымен, алайда оны arXiv.org сайтынан көшіріп басуға болады,деп хабарлайды Kazakhstan Today Lenta.ru ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Қазіргі заманғы болжамға сәйкес, Құс жолында күңгірт материяның галосы бар. Л. Йорионың есептеуінше, Күн жүйесі галактикалық орталықты айнала қозғалған кезде ол өз галосын осынау тылсым субстанциядан алады. Осы ретте күңгірт материя аспан денелері орбитасының пішініне айтарлықтай ықпалын тигізеді. Мәселен, Жердің орбитасы созылыңқы пішінге көшеді, итальяндық физиктің айтуынша, оның үлкен жартылай осі жылына шамамен 7 сантиметр жылдамдықпен өседі. Бұл сандар тәжірибе жүзінде байқалып отырған жылына 15 сантиметрге біршама жақын. Ал кіші жартылай ось азая түсуде. Сондай-ақ, Жерден Күнге дейінгі орташа арақашықтық та азая түспек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны