19.07.2013, 12:27 4173

Құрамында көмірсутегі көп кездесетін тағамдарды қуыру қатерлі ісік тудыруы мүмкін

Данияның ұлттық тағам институты күнделікті ас мәзірінде пайдаланып жүрген тағамдар құрамында қауіпті қоспалар бар деп болжауда. Ғалымдар 2004-2011 жылдардағы бірқатар тағамдардың құрамын өлшеген.

Астана. 19-шілде. Kazakhstan Today - Құрамында көмірсутегі көп кездесетін тағамдарды қуыру қатерлі ісік тудыруы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Данияның ұлттық тағам институты күнделікті ас мәзірінде пайдаланып жүрген тағамдар құрамында қауіпті қоспалар бар деп болжауда. Ғалымдар 2004-2011 жылдардағы бірқатар тағамдардың құрамын өлшеген.

Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, ас құрамында кездесетін акриламидті аз мөлшерде болса да пайдалану денсаулыққа өте қауіпті. Бұл қатерлі ісік дамуына әкеп соғуы мүмкін. Қоспа құрамында көмірсутегі көп мөлшерде кездесетін тағамдарды қуыру немесе пісіру кезінде пайда болады. Басты талап - пісіру температурасы 120 градустан аспау қажет.

Мамандар тағамдарды термиялық өңдеу кезінде 175 градустан аспау керектігін айтады. Қауіпті қоспалар адам ағзасына картоптан 36 пайыз, кофеден 30 пайыз, нан өнімдерінен 13 пайыз түсуі мүмкін (ересектер үшін). Ал балаларда картоптан - 43 пайыз, чипсылар мен шоколадтан - 20 пайыз, нан өнімдерінен - 16 пайыз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны