20.08.2018, 21:56 7489

Құрбан айт мерекесініӊ қарсаӊында Алматы қаласы бойынша құрбандық шалынатын орындардыӊ тізімі анықталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қаласыныӊ әкімшілігімен бірлесе отырып, мал соятын орындармен жабдықталып, құрбандық шалу рәсімі гигиеналық талаптар мен тәртіптерге сәйкестендірілген, құрбандық шалуға барлық коммуникациялық жағдайлар қарастырылған мешіттердіӊ тізімін бекітті.

Алматы. 20 тамыз. Kazakhstan Today - Құрбан айт мерекесініӊ қарсаӊында Алматы қаласы бойынша құрбандық шалынатын орындардыӊ тізімі анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Құрбандық шалу - барша мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесініӊ негізгі дни рәсімі болып есептеледі. Биылғы жылы Құрбан айт тамыз айыныӊ 21-ші жұлдызына түсіп тұр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ мәліметінше, ҚР "Діни қызмет және діни бірлестіктер" туралы Заӊыныӊ (3 тарау, 7 бап, 2 тармақ), талаптарына сай:

"Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелері мен үй-жайларында, зираттар мен крематорийлерде, жақын тұратын адамдардыӊ құқықтары мен мүдделері сақталған жағдайда үйлерде, қажетті жағдайда қоғамдық тамақтандыру объектілерінде бөгетсіз жүргізіледі (жасалады). Өзге жағдайларда діни іс-шаралар Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады".

Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қаласыныӊ әкімшілігімен бірлесе отырып, мал соятын орындармен жабдықталып, құрбандық шалу рәсімі гигиеналық талаптар мен тәртіптерге сәйкестендірілген, құрбандық шалуға барлық коммуникациялық жағдайлар қарастырылған мешіттердіӊ тізімін бекітті. Аталған тізім төменде көрсетілген:

1) "Алматы қаласыныӊ Орталық мешіті" (Медеу ауданы, Пушкин к-сі, 16 үй);

2) "Алғабас" мешіті (Алатау ауданы, "Алғабас" ы/а, Лермонтов к-сі, 2 үй);

3) "Искер ата" мешіті (Алатау ауданы, "Ийгерім-1" ы/а, Ленин к-сі, 18/4 үй);

4) "Мырзахмет" мешіті (Алатау ауданы, "Қарасу" ы/а, Солтүстік айналым к-сі, 15 үй);

5) "Таугүл-3" мешіті (Иуезов ауданы, "Таугүл-3" ы/а, Центральная к-сі, 9 үй);

6) "Сауран - Ислам мәдени орталығы" қайрымдылық мекемесі (Иуезов ауданы, "№2" ы/а, 20А үй);

7) "Таугүл" қайрымдылық мекемесі (Иуезов ауданы, "Таугүл-3" ы/а, Центральная к-сі, 1Б үй);

8) "Орбита" мешіті (Бостандық ауданы, "Орбита -3" ы/а, Мустафин к-сі, 5 Е үй);

9) "Бақыткелді" мешіті (Бостандық ауданы, Хан Тәӊірі ы/а, Дулати к-сі, 27 үй)

10) "Аль-Мадина" мешіті (Жетісу ауданы, Федоров к-сі, 12 үй);

11) "Вайнах" мешіті (Жетісу ауданы, Айтиев көшесі, 5 үй);

12) "Is-commerse" ЖШС мал сою орны (Жетісу ауданы, Полежаев к-сі, 93А үй);

13) "Бекет-ата" мешіті (Алатау ауданы, "Шаӊырақ -1" ы/а, Өтемісұлы к-сі, 109 үй);

14) "Аманқұл-ата" мешіті (Медеу ауданы, Изербаев к-сі, 1 үй);

15) "Омар ибн Хаттаб" (Медеу ауданы, "Таулы қырат" ы/а, Жуков к-сі, 138 үй);

16) "Фатима" мешіті (Медеу ауданы, Добролюбов к-сі , 138 үй);

17) "Райымбек батыр" мешіті (Медеу ауданы, "Думан-1" ы/а, Хан -Тәӊірі к-сі, 1 үй);

18) "Қалқаман" мешіті (Наурызбай ауданы, Қалқаман- 2 ы/а, Аспандияров к-сі, 84 үй);

19) "Нұр" мешіті (Наурызбай ауданы, Ақжар ауылы, Даулеткерей к-сі, 86 а үй.);

20) "Тау самалы" базары (Наурызбай ауданы, "Таусамалы" ы/а, Қонаев к-сі, 2 үй);

21) "ДИ" кешені жанындағы алаӊ (Наурызбай ауданы, Жандосов к-сі, 2 үй);

22) "Қайрат" мешіті (Түрксіб ауданы, "Қайрат" ы/а, Тәттімбет, к-сі 1/1 үй)

"Белгіленген орындардан тыс жерлерде құрбандық шалу Қазақстан Республикасыныӊ бекітілген заӊнамаларына қайшы және заӊ талаптарын бұзған жеке тұлғалар мен мекемелер "Икімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне" сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылаты жайлы ескертеміз",- деп хабарлайды ҚМДБ.

Тамыздыӊ 21-і күні Алматыда орталық мешітте "Асыл мұра" бағдарламасы аясында Құрбан айт мерекесіне орай спорттық жарыстар өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл мұсылмандардыӊ мерекесі Оразадан кейін 70-ші күніүш күн бойы тойланады. Биыл ол тамыздыӊ 21-і күні аталып өтеді. Құрбан айт мерекесініӊ еӊ маӊыздысы бірінші күн болып саналады. Бұл күні барлық мешіттерде айт намазы оқылып, барлық жамағат бір-бірін ақ дастарханға шақырады.

Спорттық шаралар осы орталық мешітте (Пушкин көшесі-16) таӊғысағат 06:30-да айт намазынан кейін басталады. Кез келген мешітке келушілер қошқар көтеру, асық ату, бағанаға шығу, гір көтеру, ләӊгі тебу, қол күрес спорт түрлерінен өз күштерін сынап, бағалы сыйлықтарға ие бола алады.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар балаларға арнап көптеген аттракциондар мен дәмді тағамдар дайындап, мешітке келушілерге айт мерекесініӊ дастарханын жаяды.

"Асыл мұра" бағдарламасы мешітке келуші жамағаттар арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, барлық жамағаттар арасында жалпы жүлде қоры 1 млн. теӊгені құрайтын футбол лигасы өтіп жатыр.Қатысу тегін. Ойындар сенбі-жексенбі сайын қаламыздыӊ футбол алаӊдарында күнтізбеге сәйкес өткізіледі.

Құрбан айт - Рамазан айынан соӊ 70 күннен кейін атап өтілетін, қажылық сапарыныӊ аяқталу мейрамы. Илемніӊ барша мұсылмандары Құрбан айт мейрамын жыл сайын атап өтеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз мұсылман қауымын Құрбан айт мейрамымен құттықтап, барша отандастарын ел игілігі үшін жасалатын қайырымдылық акциялары мен сауапты іс-шараларға атсалысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны