03.09.2007, 11:40 1873

Курчатовта ядролық энергетика мәселелеріне арналған халықаралық конференция басталды

Курчатовта бүгін "Қазақстандағы ядролық энергетика" атты үш күндік халықаралық ғылыми-техникалық конференция басталды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. КУРЧАТОВ. Курчатовта бүгін "Қазақстандағы ядролық энергетика" атты үш күндік халықаралық ғылыми-техникалық конференция басталды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агентігінің тілшісі.

Бас қосуға 11 елден 300 -ден астам адам қатысуда. Форумда АҚШ, Жапония, Ресей, Германия және Ұлыбритания секілді технологиясы жоғары деңгейде дамыған елдерден танымал ғалымдар мен мамандар баяндама жасайды деп күтілуде.

Қатысушылар ХХІ ғасырда атом энергетикасын дамыту стратегиясы; Ұлттық ядролық орталықты дамыту перспективалары, Қазақстанда атом өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылайды. Бұған қоса Қазақстан мен Ресейдің бірлесіп ядролық отын өндіруі, Семей полигонындағы ядролық қару сынақтарының әсері секілді тақырыптар да талқыланбақшы.

Ғылыми форум ҚР Ұлттық ядролық орталығының 15 жылдығына арналған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны