17.06.2008, 17:45 2930

Құрғақ және деградацияланған жерлерді биоотын өндірісі үшін пайдалануға болады - БҰҰ

Құрғақ және деградацияланған жерлерді биоотын өндірісі үшін пайдалануға болады - БҰҰ

Алматы. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін 17 маусымда Дүниежүзілік шөлейттенумен және құрғақшылықпен күрес күні атап өтілуде. Оның биылғы тақырыбы - "Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жердің азып-тозуымен күрес". БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның осы мәселеге орай жасаған жолдауында ол құрғақ және деградацияланған жерлерді биоотын өндірісі үшін пайдалануға болады деп атап көрсеткен, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

Пан Ги Мун Жер бетіндегі игеруге жарамды жерлердің айтарлықтай бөлігі деградацияға ұшырағанын мәлімдеді. Бұл адамдардың әл-ауқатына және елдің экономикалық дамуына айтарлықтай нұқсан келтіреді.

БҰҰ-ның Шөлейттенумен күрес жөніндегі конвенциясына сілтеме жасай отырып, БҰҰ Бас хатшысы шөлейт жерлерді игеруге ықпал ету қажеттігін баса айтты. Ол осы пайдаланылмайтын жерлерді биоотын өндірісі үшін қажетке жаратуға болар еді деп есептейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны