02.09.2007, 17:22 3340

Құрылыс компаниялары Алматының тарихи орталығын жоюда - газет

Құрылыс компаниялары Алматының тарихи орталығын жоюда - газет

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. АЛМАТЫ. Құрылыс компаниялары Алматының тарихи орталығын жоюда, деп жазады бір республикалық апталық.

"Алматы өз бейнесін барынша өзгертуде. Алматылықтардың бірнеше ұрпағы өскен жайлы үйлер жаңа құрылыстардың қалқасында жойылып барады. Кезінде алматылық өзгеше сәулет үлгісін құрған осындай ғимараттар бұзылмақ",- деп жазады апталықтағы "Город, который мы теряем" тақырыбындағы мақаланың авторы.

Тарихи орталықтағы 50-60 жыл бұрын салынған үйлердің көбі сатылып, бұзылуда. Атап айтқанда, басылым ақпаратына сүйенсек, атақты адамдар тұрған "косой" аталған үйлердің орнына "ірі инвестицялық компаниялар жер асты паркингі, ашық мұз айдындары мен су бұрқақтары бар, көпфункциялы тұрғын үй кешенін салмақшы".

Сонымен қатар, сәулетшілердің пікірінше, "біреулерге Нью-Йоркті, біреулерге Сеулді" елестететін көп қабатты үйлерді сала беру салдарынан Алматы өз бейнесін жоғалтуда. "Сәулет тұрғысынан олар (ескі үйлер) өте құнды емес те болар. Бірақ өз артында өшпес өкініш қалдырады. Жылдар бойы құрылған ерекше алматылық ауан қас қағым сәтте күйреуде",- дейді Қазақстан дизайнерлер одағының президенті Тимур Сүлейменнов.

Мақаланың авторы мегаполистегі белсенді құрылыс тарихи орталықта жүргізіліп жатқандығын түсіне алмайды. "Бірыңғай үлгідегі көп қабатты үйлер бой көтерген сұрықсыз ықшамаудандар қайта жөндеуді қажет етеді. Бірақ құрылыс салушылар оларға мүлдем назар аудармай, "орталықтағы" әрбір ұлтарақтай жерлерге шүйлігеді",- деп атап көрсеткен журналист.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны