12.02.2008, 15:35 3050

Құрылыс компаниялары құрылысты аяқтауға қажетті қаржыдан іс жүзінде 10 пайыз кем алды - Астана әкімшілігі

Құрылыс компаниялары құрылысты аяқтауға қажетті қаржыдан іс жүзінде 10 пайыз кем алды - Астана әкімшілігі

Астана. 12-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Құрылыс компаниялары құрылысты аяқтауға қажетті мемлекеттің бөлген қаржысынан іс жүзінде 10 пайыз кем алды. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошун мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Екінші деңгейлі банктерге 112 тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға қажетті 219 млрд теңгеден іс жүзінде 36,6 млрд теңге түскен, құрылыс компаниялары 14 млрд теңге алды",- деп мәлім етті Сергей Хорошун.

Сондай-ақ ол, "тапсырыс берушілер мен екінші деңгейлі банктердің несие желілерін ашу және қаржыландыра бастау жөніндегі келісім шарт жасау барысында белгілі бір қиындықтар туындайды",- деп атап өтті. Атап айтқанда, "екінші деңгейлі банктер тарапынан несиелеудің кепілдікті рәсімдеуге қатысты шарттарын қатайтуға байланысты құрылыс салушылардың барлығында дерлік кепілдікті рәсімдеу үшін қажетті активтер мен мүліктер бола бермейді".

Сонымен қатар, "бүгінгі күнде банктерден алдын ала алынған 9 млрд теңгені "Қазына" қоры кері қайтырып алды",- деп нақтылап өтті Сергей Хорошун. Ол сондай-ақ, Астана әкімшілігі құрылыс барысына тұрақты мониторинг жүргізіп отырғандығын атап өтті.

Яғни, әкім орынбасарының ақпараттарына сүйенсек "41 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары әкімшілікке ұсынған кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр".

"45 нысанда тапсырыс берушілер құрылысты өз қаржылары мен үлексерлердің қаржылары есебінен жүргізуде. Дегенмен, бұл нысандардағы құрылыс өте төмен қарқынмен жүріп жатыр. Қазіргі уақытта құрылыс салушылар екінші деңгейлі банктермен қосымша қаржы алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр",- деді Сергей Хорошун. Сонымен қатар оның айтуынша, "тексеру жүргізілген нысандардың ішінде 26 тұрғын үй кешенінің жұмысы тоқтаған, бұл нысандардың құрылысы тек қаржыландыру ашылған кезде ғана жандануы мүмкін".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны