15.05.2008, 19:25 3430

Құрылыс компаниясы Кіші Алматы өзенін ластауда

Құрылыс компаниясы Кіші Алматы өзенін ластауда

Алматы. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Құрылыс компаниясы Кіші Алматы өзенін ластауда. Бұл туралы құрылыс нысанының жанында тұрып жатқан Қармысов көшесінің тұрғындары бүгін Қазақстан Бүгін ақпараттық агенттігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік.

"Maxima тұрғын үй кешені салынып жатқан аумақта жұмысшыларға арналған жатақхана бар. Ағызынды сулар құрылыс қоршауының астымен тікелей люкке қарай ағып, одан кіші Алматы өзеніне құйылып жатыр. Бұның бәрі одан кейін демалыс саябағына және одан әрі қарай ағады. Болып жатқан оқиғадан бейхабар адамдар суға шомылып жүр", - деп мәлімдеді Қармысов көшесінің тұрғыны Николай Кравчук.

Бұл кешеннің құрылысын Turkuaz Invest компаниясы салуда. Ол тұрғызып жатқан кешен тікелей өзеннің жағасында орналасқан, тіпті, кіші Алматы өзенінің бір бөлігі құрылыс алаңының аумағында қалды.

"Өткен жылы біздің көршілеріміз өздеріне тиесілі жер телімін заңдастыру үшін өтініш берген. Бірақ оларға жер қатынастары басқармасынан берілген жауапта сұралған жер телімі Кіші Алматы өзенінің су қорғау аймағында орналасқан және ҚР Жер кодексінің 26-шы бабына сәйкес жеке меншікте бола алмайды делінген. Алайда, Кіші Алматы өщенінің жағасында орналасқан Maxima тұрғын үй кешеніне сонда бұл заңның құзыреті жүрмейтін болғаны ғой", - дейді Н. Кравчук.

Ал қоршаған ортаны қорғау бөлімінен Н. Кравчук Maxima тұрғын үй кешенін салу барысында заң бұзылған жоқ деген қорытынды алған. "Тапқан жалғыз ереже бұзушылық - оларда көліктің дөңгелектерін жуатын бөлімнің жоқтығы", - деді Қармысов көшесінің тұрғыны.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны