24.06.2015, 12:33 3592

Құрлық әскерлері Искери институтыныӊ бітіруші курсанттары батылдық емтиханын тапсырды

Құрамына Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасыныӊ өкілдері де кіретін Құрлық әскерлері Искери институтыныӊ бітіруші курсыныӊ 400-ге жуық курсанты екі апта бойы полигондарға барып, институтта мемлекеттік емтихан тапсырды

Астана. 24 Маусым. Kazakhstan Today - Құрамына Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасыныӊ өкілдері де кіретін Құрлық әскерлері Искери институтыныӊ бітіруші курсыныӊ 400-ге жуық курсанты екі апта бойы полигондарға барып, институтта мемлекеттік емтихан тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Биылғы оқу жылында Искери институтты болашақ 368 офицер бітіруде, оныӊ ішінде қырғыздыӊ 18 курсанты және Тәжікстанныӊ 8 азаматы бар. Бітіруші курстан 10 адам қызыл дипломға, ал екеуі алтын белгіге аяқтайды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Полигонда болашақ офицерлер штаттық қару-жарақтан атыс дағдысын, оқ атуды басқаруды дұрыс ұйымдастыру шеберлігін іс жүзінде көрді. Бітірушілердіӊ барлығы өз мамандықтары бойынша: танкішілер - танктен, жаяу әскер - ЖИЖМ-нан және артиллерияшылар - артиллерия қару-жарағынан атты.

Бұдан өзге жас әскери қызметшілер танкті, ЖИЖМ-ді, автокөліктерді, әскери техникаларды, БТР-ды жүргізу жұмыстарын пысықтады.

Атыс жаттығулары курсанттардыӊ теориядан алған білім сапасын тексеруге ықпал етіп қана қоймай, жеке құрамныӊ жалпы даярлық деӊгейін көрсетті. Институтта олар теория жүзінде мемлекеттік емтихандар тапсырып жатса, бір жағынан әскери полигонда өздерініӊ іс жүзіндегі дағдыларын көрсетіп дәлелдеуге тура келді.

Осындай жиындар бітіруші курс тәлімгерлерімен жыл сайын оқыту аяқталғаннан кейін өткізілетінін атап өткен жөн. Құрлық әскерлері Искери институтындағы курсанттардыӊ оқ ату даярлығы әскери қызметшініӊ атыс шеберлігі мен алыс қашықтыққа және жылдам қарқында мергендікпен атуда жауынгерлік даярлықтыӊ машықтанған дағдыларын оқытуға бағытталған негізгі пән болып табылады.

Естеріӊізге сала кетсек, Құрлық әскерлерініӊ Искери институты Қазақстанныӊ ертеден келе жатқан әскери оқу орны болып саналады. Қазақстандық армия үшін институт түрлі мамандықтар бойынша әскери мамандар мен кадрлық офицерлерді даярлаудағы орны ерекше. Бүгінде институтты тәмамдағандар ірі әскери бөлімшелер мен ведомстваларды басқарып, жоғары әскери атақтар мен үкіметтік наградаларға лайықты. Институт ҰҚШҰ елдерініӊ қарулы күштері үшін бірлесіп әскери кадрларды даярлайтын оқу орындарыныӊ қатарына енгізілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны