09.07.2015, 12:00 3163

Құрлық әскерлері тұӊғыш рет инженерлік-саперлік полктарға арналған қызметтік иттерді дайындады

Құрлық әскерлерініӊ әскери қызметшілері инженерлік-саперлік полктарда қызмет етуі үшін бес мина іздеуші ит дайындады. Бұл өткен жылдыӊ шілде айында ҚР ҚК ҚИ бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев енгізген курстық даярлық шеӊберінде үйретілген алғашқы қызметтік иттер

Астана. 09 Шілде. Kazakhstan Today - Құрлық әскерлерініӊ әскери қызметшілері инженерлік-саперлік полктарда қызмет етуі үшін бес мина іздеуші ит дайындады. Бұл өткен жылдыӊ шілде айында ҚР ҚК ҚИ бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев енгізген курстық даярлық шеӊберінде үйретілген алғашқы қызметтік иттер, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Искери қызметшілер иттерді арнайы дайындалған оқу-жаттығу полигондарында, оныӊ ішінде 68665, 58012, 75263 және 54770 әскери бөлімдерініӊ базасында тура бір жыл үйретті. Итпен жұмыс істеу өте қызық дейді нұсқаушылар. Онымен сөйлесу қажет. Ол нұсқаушыныӊ дауыс ырғағын, оныӊ эмоциясын сезінеді және олар арқылы қашан дұрыс немесе бұрыс әрекет етіп жатқанын түсінеді. Неміс овчаркалары адал әрі тіл алғыш болып келеді, оларды үйрету қиындық туғызбайды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Енді 68665 әскери бөлімініӊ базасында көрсетілім ұйымдастыру жоспарлануда. Осылайша алғашқы қызметтік иттердіӊ дайындық сапасы мен олардыӊ армиядағы шынайы қызметке әзірлік деӊгейін тексеруге болады.

Сабақтар үш кезеӊде өткізіледі. Біріншісі - жаттықтырудыӊ жалпы айла-тәсілдері. Екіншісі - қызметтік иттердіӊ көлікте және блокбекетте жарылғыш заттардыӊ зарядтарын іздеу жөніндегі іс-қимылдары. Үшінші кезеӊ төрт аяқты "жауынгерлер" мина алаӊында жұмыс істеуге қаншалықты дайын екенін тексереді. Бұл кезеӊ оқ атулар және жарылыстармен, жауынгерлік іс-қимылдарға жақындатылған жағдайда өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны