11.06.2015, 13:38 3922

Құрлық әскерлерінде жауынгерлік әзірлік деӊгейі жоғары қолбасшылықтар мен бөлімдер аталды

Гвардейск кентіндегі "Отар" 40-шы әскери базасында ҚР ҚК Құрлық әскерлері басшылық құрамыныӊ жедел-әдістемелік жиындары аяқталды. Оған барлығы шамамен 200 адам өӊірлік қолбасшылықтардыӊ, әскер тектері мен әскери бөлімдердіӊ басшылық құрамы қатысты

Астана. 11 Маусым. Kazakhstan Today - Гвардейск кентіндегі "Отар" 40-шы әскери базасында ҚР ҚК Құрлық әскерлері басшылық құрамыныӊ жедел-әдістемелік жиындары аяқталды. Оған барлығы шамамен 200 адам өӊірлік қолбасшылықтардыӊ, әскер тектері мен әскери бөлімдердіӊ басшылық құрамы қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Искери қызметшілер жауынгерлік әзірлікті жетілдірудіӊ өзекті мәселелерін талқылады, әскерлерді жауынгерлік даярлаудыӊ жаӊа үлгілері мен құралдарын қарастырды. Мәселен, танкті атыс қалашығы (танк арнайы тұғырнамада бекітілген, атыс жауынгерлік машинаны ауыстырусыз жүргізіледі). Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Мұнда 2015 жылдыӊ бірінші жартыжылдығыныӊ қорытындысы шығарылды. Қазақстанныӊ Құрлық әскерлеріндегі еӊ жақсы дайындалған және жауынгерлік қабілетті деп генерал-майор Мұрат Бектанов қолбасшылық етіп отырған "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы және полковник Амангелді Жәнесовтіӊ қарамағындағы 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасы танылды.

"Мен жиынныӊ мақсаты мен міндеті толық орындалды деп есептеймін. Құрлық әскерлерініӊ жауынгерлік әзірлігі артып келе жатыр. Қазір біздіӊ әскери қызметшілердіӊ жауынгерлік дайындық деӊгейіне көӊіліміз толады", - деді ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ бас қолбасшысы генерал-лейтенат Мұрат Майкеев.

Жедел-әдістемелік жиындар 2010 жылдан бастап әр жарты жыл сайын өтетінін айта кеткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны