18.07.2016, 12:17 7184

Құрлық әскерлерініӊ басшылық құрамы әскери қызметшілермен жұмыс жасаудыӊ жаӊа әдістерін зерделеуде

"Оӊтүстік", "Шығыс", "Батыс" және "Астана" төрт өӊірлік қолбасшылықтыӊ, Аэроұтқыр әскерлері мен Зымыран әскерлері және артиллерия екі әскер тектерініӊ басшылығы, сондай-ақ, әскери бөлімдер мен құрамалардыӊ командирлері мұнда оқудан өтіп жатыр

Астана. 18 шілде. Kazakhstan Today - 61993 әскери бөлімініӊ базасында Қазақстан Құрлық әскерлерініӊ басшылық құрамымен жедел-әдістемелік жиын өтуде. "Оӊтүстік", "Шығыс", "Батыс" және "Астана" төрт өӊірлік қолбасшылықтыӊ, Аэроұтқыр әскерлері мен Зымыран әскерлері және артиллерия екі әскер тектерініӊ басшылығы, сондай-ақ, әскери бөлімдер мен құрамалардыӊ командирлері мұнда оқудан өтіп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сабақтарда офицер-командирлер қару-жарақ пен әскери техниканы ұстау мәселелерін, қарулы күрестіӊ сипатыныӊ өзгеруін ескере отырып, тактикалық оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу тәртібін зерделеуде. Сабақтардыӊ мақсаты мен тақырыбы әлемдегі және Орта-Азиялық өӊірдегі әскери-саяси жағдайдыӊ өзгеруі, сондай-ақ, әскерлердіӊ жауынгерлік әзірлігі мен күнделікті қызметініӊ тексерілуі нәтижелері ескеріле отырып, анықталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Одан басқа, жиын шеӊберінде түнде қару-жарақтан оқ атумен қазақстандық "Арлан" жауынгерлік дөӊгелекті машинасыныӊ тактика-техникалық сипаттамаларыныӊ іс жүзіндегі көрсетілімі өткізілді. "Арлан" алғашқы қазақстандық броньды машина болып табылады және Құрлық әскерлерініӊ жарақтандыруында тұрған кезде жеке құрамныӊ оныӊ мүмкіндіктері мен пайдалану ерекшеліктерін толыққанды меӊгергені маӊызды.

Бас қолбасшыныӊ басқармасында айтып өткендей, Құрлық әскерлерінде сарбаздарды ғана емес, сонымен бірге, командирлерді де оқытып-үйретеді. Бүгінгі таӊда жиын әскери басқару органдары мен әскерлерді даярлауды жетілдіру және оқытудыӊ озық әдістемелерін тарату бойынша маӊызды іс-шара болып табылады. Ол әскерлердіӊ күнделікті тыныс-тіршілігін ұйымдастыруда бірыӊғай көзқарасты дамытуға, сондай-ақ, әскерлердіӊ күнделікті тыныс-тіршілігініӊ, яғни, жауынгерлік даярлық, әскери тәртіп және қару-жарақ пен әскери техниканыӊ жай-күйі негізгі көрсеткіштері бойынша қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны