05.02.2015, 22:04 4301

Құрлық әскерлерініӊ еӊ мықты боксшысы анықталады

2015 жылғы 24-28 ақпан аралығында Астана қаласында "Жас ұлан" мектебініӊ спорт кешенінде Құрлық әскерлерініӊ бокстан ІІ ашық чемпионаты өтіп, мұнда әр салмақ дәрежесіндегі мықты спортшылар анықталады

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 24-28 ақпан аралығында Астана қаласында "Жас ұлан" мектебініӊ спорт кешенінде Құрлық әскерлерініӊ бокстан ІІ ашық чемпионаты өтіп, мұнда әр салмақ дәрежесіндегі мықты спортшылар анықталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ир әскери қызметші үшін бокс - күш пен төзімділікті жаттықтыру ғана емес, сонымен қатар мінез-құлықты, ерікті шынықтырып, табандылық пен батылдықты тәрбиелеудіӊ, ештеӊеге қарамастан жеӊіске жетуге үйренудіӊ жолы болып табылады", - дейді ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев, Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Құрлық әскерлерінде бұл чемпионат екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Биыл чемпионатқа ҚР Қарулы Күштерініӊ барлық түрлерініӊ, Шекара қызметініӊ, Ұлттық ұланныӊ, Мемлекеттік күзет қызметініӊ әскери қызметшілері қатысады.

Чемпионат қарсаӊында өӊірлік қолбасшылықтарда, Қарулы Күштер түрлері мен әскер тектерініӊ әскери қызметшілері арасында іріктеу жарыстары өтті. Осылардан оза шыққан білекті боксшылар ашық чемпионатта еӊ мықты спортшы атағы үшін қолғап түйістіретін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны