08.07.2015, 12:01 3276

Құрлық әскерлерініӊ тәрбиеші офицерлері жеке құраммен жұмыс жасаудағы жаӊа көзқарастарды зерделеуде

Бүгін Қарағанды облысыныӊ 36352 әскери бөлімініӊ базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері тәрбие құрылымдары офицерлерініӊ жедел-әдістемелік жиыны басталды.

Астана. 08 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Қарағанды облысыныӊ 36352 әскери бөлімініӊ базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері тәрбие құрылымдары офицерлерініӊ жедел-әдістемелік жиыны басталды. Оған әскер және әскер тектері қолбасшыларыныӊ, әскери бөлімдердіӊ, жекелеген батальондардыӊ тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі барлық орынбасарлары мен идеологиялық жұмыс және арнайы үгіт-насихат жөніндегі офицерлер қатысады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шілденіӊ 8-і мен 10-ы аралығындағы үш күндік жиын теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Тәрбиеші офицерлердіӊ жұмыс ерекшеліктерін және оны ұйымдастырудағы жаӊа көзқарастарды талқылаудан бастап қатысушылар практикалық көрсетуге, яғни, оқ атулар мен жауынгерлік машиналарды жүргізу кезінде тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлардыӊ іс-қимылдарына көшеді.

Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі командирлердіӊ орынбасарлары институты ҚР ҚК-де 22 жыл бұрын құрылғанын атап өткен жөн. Бүгінде қазақстандық армияда 1000-нан астам тәрбиеші офицерлер қызмет атқаруда. Олар әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту, моральдық-адамгершілік жағдайды қалпына келтіру, әскери қызметтіӊ беделі мен имиджін арттыру, жеке құрамныӊ ар-намысы мен қадыр-қасиетін қорғауды қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқарады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

ҚР Қорғаныс министрлігі жеке құрамныӊ Қазақстан халқына, Елбасына және оныӊ сарабдал саясатына деген адалдығын қалыптастыру, құқық бұзушылықты алдын алу, Қарулы Күштердіӊ имиджін арттыру бойынша жұмысқа үлкен назар аударады. Армияныӊ қорғаныс қабілеттілігін ұстауда тәрбие құрылымдарыныӊ рөлін бағалай отырып, еліміздіӊ қорғаныс ведомствасы бірте-бірте тәрбиеші офицерлер институтыныӊ жұмысын ұдайы жетілдіреді. Мәселен, жақында ғана батальондардыӊ психологтары лауазымы енгізілді (бұдан бұрын тек қана бригадалардыӊ психологтары болған). Қазір Мемлекеттік басқару академиясында жаӊадан тағайындалған батальондардыӊ псхологтарын оқытудыӊ екі курсы өткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны