29.01.2015, 14:52 4388

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясыныӊ студенті Рахат-Би Абдісағынныӊ хаты

Автор өз хатында классикалық музыкамен кәсіби тұрғыда айналысатынын және осы 16 жасында-ақ бірқатар шығармалардыӊ авторлық құқығына ие екенін айтады

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Автор өз хатында классикалық музыкамен кәсіби тұрғыда айналысатынын және осы 16 жасында-ақ бірқатар шығармалардыӊ авторлық құқығына ие екенін айтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Р.Ибдісағын Отанына деген махаббатын фортепиано мен симфониялық оркестрге арналған "Қазақ рапсодиясы" атты музыкалық туындысы арқылы жеткізген, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

"Онда меніӊ заманауи Қазақстанды қалай қабылдайтыным, оныӊ қарқынды дамуын сезінуім көрініс тапқан. Мен өз сезімдерімді әркімге түсінікті дыбыстық музыкалық белгілер арқылы беруге тырыстым", - деп жазады консерватория студенті.

Автор қазіргі уақытта әлемніӊ түрлі халықтары дәстүрлерініӊ белсенді түрде кірігу үрдісі байқалып отырғанына тоқталады.

"Илемдік мәдениетте өзгелердіӊ арасында біздіӊ еліміздіӊ, біздіӊ халқымыздыӊ мәдениетініӊ еӊ жақсы қырлары айқын көрінгені өте маӊызды!", - делінген хатта.

Сондай-ақ елдіӊ тағдыры оныӊ көшбасшысыныӊ тағдырымен тікелей байланысты екені де айтылған.

"Біздіӊ әрқайсымыз, Қазақстан азаматтары, Мемлекет басшысы жариялаған бағдарламаны дамыта отырып, өзіміз белсене араласатын салада қомақты үлес қосуға тиіспіз", - деп жазады хат иесі.

Соӊында Р.Ибдісағын Мемлекет басшысы жариялаған "Қазақстан - 2050" Стратегиясы елдіӊ барша азаматтарыныӊ атсалысуымен табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны