13.05.2009, 18:50 2637

Күршім ауылындағы үйлер мен шаруашылық құрылыстардың су басқанына кінәлі адамдар жауапқа тартылады

Күршім ауылындағы үйлер мен шаруашылық құрылыстардың су басқанына кінәлі адамдар жауапқа тартылады

Өскемен. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Күршім ауылындағы үйлер мен шаруашылық құрылыстардың су басқанына кінәлі адамдар жауапқа тартылады

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетсек, Күршім ауданындағы жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізудің сұлбасы тиімді болмай шыққан. Бірқатар шенеуніктердің және мердігер ұйымның келісілмеген әрекетінің салдарынан тиісті жұмыстар төрт күнге кешігіп жүргізіле бастаған. Соның кесірінен ағымдағы жылдың 5 мамырында өзен жағасында орналасқан Күршім ауылы тұрғындарының үйлерін, шаруашылық құрылыстарын су басты. Материалдық шығын келтірілді.

2009 жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша облыста жағалауды бекіту жұмыстарына 134 дана инженерлік техника жұмылдырылған. Оның ішінде 19 экскаватор, 14 бульдозер, 6 кран, 12 жүк тиеуші техника, 83 дана автокөлік бар. Осы бағыттағы жұмыстарға 366 млн теңге бағытталды.

Жұмыстарды 14 құрылыс компаниясынан тұратын құрылыс консорциумы жүргізіп жатыр. Оларда тиісті техникалық және адами ресурстар бар. Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде мердігерлік ұйымдарға 99,8 млн теңге көлеміндегі 30 пайыз ақы берілді. 14 сәуірден бастап екі қала мен 5 аудандағы 12 өзеннің қауіпті деген 17 орнында жағалауды бекіту жұмыстары қолға алынды.

Жасалатын жұмыстардың кестесі жасалған. Оған сәйкес барлық жұмыстарды 2009 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау жоспарланған. Биылғы жылдың 10 мамырындағы жағдай бойынша 155 млн теңге көлеміндегі қаржының немесе жалпы көлемнің 44 пайызындай жұмыстар атқарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны