15.04.2020, 16:59 6627

Kusto Group халықаралық компаниясы халықтың зардап шеккен және осал топтарына қолдау көрсету мақсатында 1 млрд. теңге бөлді

Ел басшылығы COVID-19 таралуының алдын алу бойынша уақтылы және сауатты іс-әрекеттерді қабылдады, әйтпесе залал көлемі тым көп болар еді. Сонымен бірге пандемияға қарсы күрес жөніндегі амалсыз және қажетті шаралар біздің еліміздің халқы мен экономикасына елеулі әсер етеді. Дағдарыс бәрімізге әсер етті.

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Kusto Group халықаралық компаниясы халықтың зардап шеккен және осал топтарына қолдау көрсету мақсатында #KustoHelp көмек көрсету қайырымдылық жобасына 1 млрд. теңге бөлу туралы хабарлайды.Топтың компаниялары бар елдерде қосымша көмек көрсетіледі.

Қазақстанда көмек келесі бағыттар бойынша көрсетіледі:

1.Қазақстан Республикасы облыс және қалаларының әкімдіктері және волонтерлік ұйымдармен ынтымақтаса отырып көп балалы отбасыларды, халықтың аз қамтылған және зардап шеккен топтарына атаулы материалдық көмек көрсету және азық-түлік жиынтығын жеткізу.

2.Медицина қызметкерлеріне індетпен күресу және олардың жұмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін қажетті көмек көрсету.

3.Мұқтаждарға көмек көрсету үшін түрлі қайырымдылық қорларымен ынтымақтастықта болу.

"Әлемде және біздің елімізде коронавирусты жұқтыру деңгейі өсуде, өкінішке орай, індеттен көптеген өлім жағдайлары тіркелген. Біз осы ауыр күндері қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Сонымен қатар, қазақстандық медицина қызметкерлеріне және пандемияға қарсы күресте алдыңғы қатарда жүргендерге үлкен рахмет айтқымыз келеді.

Ел басшылығы COVID-19 таралуының алдын алу бойынша уақтылы және сауатты іс-әрекеттерді қабылдады, әйтпесе залал көлемі тым көп болар еді. Сонымен бірге пандемияға қарсы күрес жөніндегі амалсыз және қажетті шаралар біздің еліміздің халқы мен экономикасына елеулі әсер етеді. Дағдарыс бәрімізге әсер етті.

Қазір бүкіл қоғамның күш-жігерін біріктіру үшін, мейірімділік пен өзара көмек көрсету қажет. Уақытылы қажетті көмек көрсетіп және бір-бірімізді қолдау арқылы біз осы дағдарыстан шыға аламыз. Бұрыңғыдан да күшті бола аламыз", - Kusto Group негізін қалаушы, Еркін Тәтішев.

Kusto Group туралы:

Kusto Group 2002 жылы құрылған. Топ әлемнің 10 елінде (Канада, Қытай, Грузия, Израиль, Қазақстан, Ресей, Сингапур, Түркия, Вьетнам, Украина) келесі салаларда жұмыс істейді: девелопмент, құрылыс материалдары, мұнай өндіру, "Compass" жаңа форматтағы АҚС желісін дамыту, ауыл шаруашылығы. Топқа 30-дан астам компания кіреді, барлығы 8000 қызметкер жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны