22.01.2018, 21:43 5929

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде V Қазақстан тарихшыларыныӊ ұлттық конгресі болып өтті

Конгреске республикамыздыӊ тарих-гуманитарлық ғылымдар саласыныӊ көрнекті өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар шетелдік қонақтар қатысты.

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 19 қаӊтарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде V Қазақстан тарихшыларыныӊ ұлттық конгресі болып өтті. Онда Қазақстан Республикасыныӊ негізін қалаған Тұӊғыш Президентіміздіӊ өз қолымен жазылған "Тәуелсіздік дәуірі" кітабы жоғары кәсіби деӊгейде талқыланды.

Конгреске республикамыздыӊ тарих-гуманитарлық ғылымдар саласыныӊ көрнекті өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар шетелдік қонақтар қатысты.

Конгресті өткізудіӊ басты мақсаты - Мемлекет басшысыныӊ "Тәуелсіздік дәуірі" кітабында баяндалған тарихи бастамашыл идеяларын талқылау және насихаттау. Осы арнада ұлттық рухани өрлеу және қоғамдық сананыӊ жаӊғыру мәселелері, білім беру ісі және тарих ғылымыныӊ өзекті мәселелерін талдау, архивтер мен музейлердіӊ жұмысын жаӊа сапалық деӊгейге көтеру, ұлттық тарих контексіндегі жоғары оқу орындары мен мектеп оқулықтарыныӊ мазмұндық жағдайын жақсарту және т.т.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетініӊ ректоры, Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресініӊ төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Бәтташұлы Сыдықов: - Өздеріӊізге мәлім, 2018 жыл ерекше елдік межеден басталды,- деп бастады сөзін. - Мемлекет басшысыныӊ халыққа Жолдауы бізді Қазақстан жолы аясында одан сайын топтастыра түскендей! Бағыт - айқын, іс-шаралар бағдары да белгіленді. Соныӊ ішінде адами капиталға жауапты білім-ғылым саласыныӊ мойнындағы жауапкершілік нақтыланды. Жолдауда Елбасы Рухани жаӊғыруды да, Тәуелсіздік дәуірі құндылықтары мен қағидаттарын да жеке-жеке жүйелеп айтты. Бәрімізге міндеттер жүктеді. Конгресс модераторы содан кейін Мемлекет басшысыныӊ жаӊа кітабын - қоғам, әсіресе тарихшылар қауымы жылы қабылдаған іргелі еӊбек екенін атай келіп, тарихшылардыӊ ұлттық конгресініӊ бүгінгі мақсатына тоқталды. -Алдымызда мынандай міндеттер тұр, - деді Конгресс төрағасы Ерлан Сыдықов: - Тәуелсіздік жеӊісі мен жемісі Елбасы есімімен тығыз байланысты. Ендеше Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ - жаӊа мемлекет негізін қалаушы және ұлт көшбасшысы ретіндегі ерен қызметін әлемдік саяси лидерлер қатарында зерттеуді жаӊа сатыға көтеру; Президенттіӊ жаӊа кітабында Тәуелсіз Қазақстан жолын әлемдік өркениет үдерісі арнасында зерделеудіӊ жаӊа әдіснамалық түбірі түзілген. Мамандар осыны жаӊа зерттеулердіӊ тұғыры етіп алуы тиіс; Мемлекет басшысыныӊ аса маӊызды бастамалары мен идеялары барлық деӊгейдегі білім мекемелерініӊ оқу үдерісіне енгізілгені жөн; Рухани өрлеу мен жаӊғыруға тікелей ықпал ететін білім және мәдениет жүйесі "Тәуелсіздік дәуірін" темірқазық етіп алуы қажет; Елбасы еӊбегініӊ негізінде жоғары, арнаулы, орта мектеп оқулықтарыныӊ мазмұнын сапаландыру керек. Сонымен қатар, ел тарихын Елбасыныӊ өзі бастап баяндап жазуы бүкіл қоғамдық санаға зор серпін бергенін және бұл кітап стратегиялық маӊызды еӊбекке жататынын айта келіп, тағы бірқатар маӊызды жайттарға тоқталды: -Президент айқын, батыл, дәйекті, тиянақты түрде тарихты шынайы жазу әдіснамасын қалыптастырып отыр. Бұл - ғалымдарға да, оқытушыларға да қажет ғылыми ұстын, - деді Ерлан Бәтташұлы. - Маман ретінде айтарымыз: "Тәуелсіздік дәуіріндегі" көзқарас нақтылығы, пікір тереӊдігі, тұжырымдама негізділігі, әдістеме ұтқырлығы - бәріміз үшін үлкен рухани олжа. Бұл кітап мақсат-міндеттерімізді жүзеге асырудыӊ басты әдістемелік құралына айналатынына сенімдіміз. Кітап авторы - Отан тарихыныӊ бар кезеӊін өз басынан өткерген, барлық межеге маӊдай тері сіӊген көреген қайраткер ғана емес, тереӊ білім мен шыӊдалған тәжірибе иесі. Идетте "Тарихты тұлғалар жасайды" дейміз. Бұл сөз, еӊ бірінші, Елбасыға қатысты. Қазақ мемлекеттілігі тарихындағы Назарбаев феномені "ғаламдық реформатор", "өз елі мен әлем бақытын теӊ ойлайтын бірегей гуманист" ұғымын айқындайтынын тану және таныту - саламыздыӊ басты міндеті. Елбасы әрқашан: "Біздіӊ өз жолымыз бар... Біздіӊ ел - өз заӊы, өз жолы, өз келешегі бар ел" дейді. Ендеше, бүгінгі Қазақстан жолы - қайталанбас жол. Оныӊ Елбасы - елдіктіӊ нышаны, Тәуелсіздік баяндылығыныӊ кепілі. Сондықтан Ұлы Дала елініӊ жаӊа тарихын жазудағы ұстанымдар Президент еӊбегіндегі тұжырымдардан бастау алып, ізашар ойларын шынайы өрістетуі тиіс, -деп түйді Конгресс төрағасы Ерлан Сыдықов.

V Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінде Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтыныӊ директоры, тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор Зиябек Қабылдинов, ҚР Президенті Архивініӊ директоры, техника ғылымдарыныӊ докторы, профессор Борис Жапаров, "Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасы" ММ директорыныӊ орынбасары, саяси ғылымдардыӊ докторы, профессор Имірхан Рақымжанов, Семей қаласыныӊ Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетініӊ ректоры, тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор Мейір Ескендіров, жазушы, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарыныӊ докторы, профессор Мырзагелді Кемел, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтыныӊ ректоры, тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор Еркін Ибіл, "Киелі Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығыныӊ жетекшісі Берік Ибдіғалиұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетініӊ деканы, тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор Тілеген Садықов баяндама жасады.

АТАП АЙТҚАНДА...

Конгреске қатысушылар гуманитарлық білім беру негіздері күшейген қазіргі заманныӊ даму жағдайында білім мен ғылымныӊ бірегейлігін және қоғамдағы тарих ғылымыныӊ рөлініӊ қарқынды тұрғыда өрлеуін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ Президенттіӊ "Тәуелсіздік дәуірі" кітабындағы негізгі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қоғамдық сананы жаӊғыртуды және ұлттық рухани өрлеуді нақты жүзеге асыру, ұлттық кодты қайта өрістету, қасиетті орындар бағытындағы зерттеулерді, өлкетану мен архив жұмыстарын күшейту және отандық тарих ғылымы мен білімін дамыта жетілдіру мақсатында жалпы ғылыми және қолданбалық-бағыттама ұстанымдарын келістіре өз ұсыныстарын түзді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне және ҚР білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелеріне Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ "Тәуелсіздік дәуірі" кітабын ҚР мектептерінде, колледждерде және жоғары оқу орындарында міндетті оқыту жүйесіне енгізу; "Қазақстанныӊ қазіргі заман тарихы" оқулықтарыныӊ авторларына аталған кітап бойынша дербес параграфтар қосуға; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне, ҚР облыс және қала әкімдіктеріне Президенттіӊ жаӊа кітабын БҰҰ тілдеріне аударуға ұсыныс жасалды.

Мұныӊ сыртында ел тұрғындарыныӊ барлық әлеуметтік топтарына аталған кітапты оқытып-игерту, насихаттау және оныӊ теориялық мағынасын түсіндіру мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға әлеуметтік жобалар беруге; ҚР Сыртқы істер министрлігіне шет елдерде бұл кітаптыӊ тұсаукесер рәсімдерін өткізу; Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасына аталған кітаптыӊ негізгі мазмұны бойынша жоғары сынып оқушыларына, студенттерге, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, архивтер, музейлер және гуманитарлық бағыттағы ҒЗО қызметкерлеріне, ЖОО оқытушыларына оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу; Дүниежүзі қазақтарыныӊ Ассоциациясына ҚР Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ "Тәуелсіздік дәуірі" кітабыныӊ тұсаукесерін қазақ диаспорасы жинақы тұратын жерлерінде өткізу; Кәсіби қоғамдастық пен қоғамдық ұйымдарға Мемлекет басшысы Н.И. Назарбаевтыӊ "Тәуелсіздік дәуірі" кітабыныӊ тағдыршешті идеяларын қазақстандықтардыӊ барлық әлеуметтік топтарына жеткізуге ықпалдастық жасау ұсынылды.

Сонымен қатар, Тарихшылардыӊ Ұлттық Конгресіне жас ғалымдар арасында Мемлекет басшысы Н.И. Назарбаевтыӊ "Тәуелсіздік дәуірі" кітабыныӊ мазмұны бойынша білгірлер конкурс өткізу; кәсіби тарихшылардыӊ назарын отандық тарихтыӊ еӊ аз зерттелген мәселелеріне бағыттау және осы мақсатта жаӊа мұрағаттық материалдар мен жазбаша көздерін: қазіргі заманғы зерттеу әдістерін пайдалану арқылы, соныӊ ішінде пәнаралық бағыттардағы әдіс-тәсілдерді де қамти отырып, шынайы зерттеу жүргізу қажеттілігіне көӊіл аударды.

Қорыта айтқанда, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен V Қазақстан тарихшыларыныӊ ұлттық конгресіне қатысқан белгілі тарихшы-ғалымдар "Тәуелсіздік дәуірі" атты еӊбек туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, ғылыми және оқу жүйесіне енгізу туралы мәнді де маӊызды қарар қабылдады.

ҚЫСҚА ҚАЙЫРҒАНДА...

Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасыныӊ бұл "Тәуелсіздік дәуірі" - "Эра независимости" еӊбегі еліміздіӊ жаӊа тарихы мен оныӊ ертеӊіне деген автордыӊ көзқарасын танытады.

"Тәуелсіздік дәуірі" даму мен өркендеудіӊ қазақстандық моделініӊ символы, - деп есептейді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініӊ ғалымдары мен тарихшылары.

Қазақстанныӊ тәуелсіздігін паш ететін жазба еліміздіӊ жаӊа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады: "Мемлекетіміздіӊ дүниеге келуі. Қазақстанныӊ бірінші жаӊғыруы (1991-1995 жылдар)"; "Ұлы бетбұрыс. Қазақстанныӊ екінші жаӊғыруыныӊ басталуы (1996-1999 жылдар)"; "Қияға құлаш сермеу. Қазақстанныӊ екінші жаӊғыруы (2000-2010 жылдар)"; "Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы (2010-шы жылдар)".

Қысқа қайырғанда, жаӊа туындыда егемен мемлекеттіӊ негізі қаланған күннен бастап, оныӊ қалыптасу кезеӊдерініӊ ерекшеліктері және 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы жағдайлар, оларға байланысты қабылданған шешімдердіӊ мән-мазмұны егжей-тегжейлі баяндалады. Өйткені оныӊ өзегінде Елбасыныӊ тәжірибесі, заманымыздыӊ көрнекті тұлғаларымен болған кездесулер мен сұқбаттар, өз жазбалары мен мұрағаттарыныӊ негізінде қалыптасқан жеке пікірі және тұжырымдары, еӊ бастысы, өз халқыныӊ болашағы жатыр.

Біз төменде V Қазақстан тарихшыларыныӊ ұлттық конгресінде сөз алған Семей қаласыныӊ Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетініӊ ректоры, тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор Мейір Ескендіров пен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетініӊ деканы, тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор Тілеген Садықовтыӊ сөзін ықшамдап, "Тоқсан ауыз сөздіӊ тобықтай түйіні" деген атпен назарларыӊызға ұсынғанды жөн көрдік.

"ТОҚСАН АУЫЗ СӨЗДІӉ ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІНІ..."

Мейір ЕСКЕНДІРОВ, Семей қаласыныӊ Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетініӊ ректоры, тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор:

Кезінде бүгінгі Түркия мемлекетініӊ іргетасын қалаған Ататүрік тарихи зерттеулерде объективтілік қағидасын ұстанудыӊ маӊыздылығын: "Тарихты жазу, тарихты жасаудай маӊызды. Жазған Жасағанға адал болмаса, өзгермейтін ақиқат адамды таӊғалдыратын сипат алады" деген сөздерімен түсіндірген. Ата түріктіӊ осы аксиомасы Ұлы Дала кеӊістігінде Елбасыныӊ еӊбегімен д?лелденуде. Осы тұрғыда Елбасыныӊ "Т?уелсіздік д?уірі" туындысын парақтаудан түйген ойларымды ортаға саламын.

Біріншіден, аталған іргелі еӊбекте мемлекетшілдік ұстаным, елдік сана, ұлттық рух ұтымды үйлесім тапқан. Қазақстанныӊ т?уелсіздік шежіресіне көз жүгірткен ?р адамға бұл кітап жол бастаушы болары сөзсіз.

Екіншіден, гуманитарлық ғылымдар, оныӊ ішінде отандық тарих ғылымыныӊ алдағы міндеттерін айқындау, методологиялық тұрғыдан жаӊару Елбасы еӊбегінен басталуы тиіс.

Үшіншіден, мемлекетіміздіӊ саяси бағдары, дипломатия, халықаралық байланыстар ж?не ?лемдік қоғамдастықтағы Қазақстан беделі сынды маӊызды м?селелер тарихи танымдық тұрғыда айшықталған.

Төртіншіден, Елбасыныӊ жоралы жолдаулары мен үндеулері, мемлекеттік маӊызы бар бағдарламалар ж?не олардыӊ орындалуы мен н?тижелі көріністеріне осы еӊбектен ку? боламыз.

Бесіншіден, дербес мемлекеттердіӊ ішінде ел астанасын ауыстырып, жаӊадан астана салу сынды батыл қадамға барған елдер сирек. Ал Елбасы бұл күрмеуі қиын күрделі істі сонау 90-жылдардыӊ басында-ақ қолға алды. Бүгінде еліміздіӊ жүрегі Астана барлық жетістіктеріміздіӊ бастауына айналды. Бұл - Мемлекет басшысыныӊ есімімен тікелей байланысты тарихи шешім. Елбасы еӊбегінде осы игілікті істі ?серлі суреттеген.

Тілеген САДЫҚОВ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетініӊ деканы, тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор:

Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігіне жиырма алты жыл толды. Адам өмірімен салыстырсақ, жалындаған жігіттіӊ жасы, мемлекеттер ғұмырымен таразылап қарасақ, жалт етіп өте шыққан қысқа уақыт тәрізді. Тәуелсіз ел ретінде жасаған дүниелердіӊ құны баға жетпес ерен еӊбекке толы жылдар болды. Мемлекетіміз қысқа мерзімде жүз жылға бергісіз даму жолынан өтіп, әлемдік көштіӊ алдыӊғы қатарына ілестік. Үлкен тарихи даму жолынан өттік. Бүгін таныстырылымын ғылыми тұрғыда талдап жатқан Тәуелсіз еліміздіӊ бас кітабы - Елбасы Н.И. Назарбаевтыӊ "Тәуелсіздік дәуірі" еӊбегі соныӊ тарихи айғағы.

Елбасы Н.И.Назарбаев еліміздіӊ жалпы тарихына деген өз көзқарасын үнемі білдіріп келеді. Мемлекет басшысы тарапынан Қазақстан халқы мен тәуелсіз мемлекет тарихын жаӊа контексте жазуы отандық тарихтыӊ дүниежүзілік тарих ғылымына етене интеграциялануына тағы да жол ашты. Еліміздіӊ ғылыми күштерініӊ, ғылыми және білім беретін мекемелерініӊ әлеуетін бір арнаға топтастыруда басты миссия атқаратыны сөзсіз. Тәуелсіздіктіӊ жетістіктері мен жеӊістерін әлемдік деӊгейде көрсетуге және жан-жақты насихаттауға жаӊа мүмкіндіктер туғызды.

Елбасы қаламынан туған "Тәуелсіздік дәуірі" еӊбегініӊ әдіснамалық тұрғыда құндылығы айқын:

Біріншіден, ұлттық тарихты насихаттауда тарихи публицистика жанры толық дамымай келеді. Осы тұрғыда тарихи публицистиканыӊ жарқын үлгісі, тарихты баяндаудыӊ көркем әдісі осы еӊбек арқылы көрініс тапты;

Екіншіден, Қазақстанныӊ жаӊа тарихы - ұлттық тәуелсіздіктіӊ құндылықтары, яғни қазақстандық құндылықтар - ұлттық бірлік, тұтастық, экономикалық еркіндік, құқықтық теӊдік құндылықтары айқындалған;

Үшіншіден, Қазақстанныӊ ұлттық жаӊғыруыныӊ мән-мағынасы ашып көрсетілген. Студенттерге, жас зерттеушілерге Ұлттық жаӊғыру дегеніміз не және оныӊ миссиясы қандай? Ұлттық жаӊғыру не үшін керек? Ұлттық жаӊғыру қалай жүзеге асырылады? деген сауалдардыӊ жауабын ашып, Қазақстанныӊ мемлекеттік тәуелсіздігін ұлттық жаӊғыру кезеӊдері контексінде зерттеудіӊ бағыттарын көрсетіп берген;

Төртіншіден, "қазақстандық жолдыӊ", "қазақстандық үлгініӊ" қалыптасуы мен дамуы, ұстанымдары мен қозғаушы күштері айқындалған, анықтамасы берілген;

Бесіншіден, "Тарихи әділеттілік салтанаты", "Тұғыры берік мемлекеттік құрылым", "Басты құндылығымыз - бейбітшілікті қастерлей білдік", "Жаӊалықтыӊ жылы лебі және қайта түлеген дәстүр", "Сыртқы саясат: тыӊға түрен салғандай...", "Қияға көз тіккен Қазақстан барысы", "Баянды болсын Бас қала!", "Саяси тұрақтылықтыӊ жемісі", "Тәуелсіздік рухымызды шыӊдады", "Біз әлемдік дағдарыс сынағына төтеп бердік", "Бұрын-соӊды болмаған зияткерлік өрлеу" және т.с.с. бөлімдердіӊ атауы дипломдық, магистрлік, докторлық диссертация тақырыптарына арқау бола алады;

Алтыншыдан, Елбасыныӊ жаӊа тәуелсіз мемлекетті қалыптастырудағы ерен еӊбегі мен кемеӊгерлігі негізінде тұлғаныӊ тарихтағы орны мен рөлі мәселесін ашуда әдіснамалық негіз бола алады;

Жетіншіден, қазақстандық дипломатияныӊ, еліміздіӊ геосаяси әлеуетін, көпвекторлы сыртқы саясаттыӊ қырлары мен сырларын сараптап, талдау үшін әдіснамалық нұсқаулық болып табылады.

Сегізіншіден, еліміздегі бейбітшілік пен келісімніӊ формуласын Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметініӊ үлгісінде зерттеудіӊ бағыт-бағдарын көрсетіп берген.

Тоғызыншыдан, Қазақстанныӊ ірі халықаралық ұйымдарды: ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ, ЕАЭО, Түркі кеӊесі төрағасы ретінде басқарудыӊ әдіс-тәсілдері ұсынылды және олар студенттер мен зерттеуші-ізденушілер үшін ғылыми - қолданбалы маӊызға ие. Бұл қадамдар Қазақстан Республикасыныӊ БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі ретінде тағайындалуына алғышарт болды.

Еуразия ұлттық университеті баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны