20.01.2016, 13:02 4200

Лаӊкестер басып алған университеттегі сойқаннан 20 адам қаза тапты

Сойқан салдарынан тағы 50 адам ауыр жараланған. Қаза тапқандар мен жараланғандардыӊ басым бөлігі студенттер екендігі анықталды

Астана. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - Пәкістандағы Баша Хан университетінде болған террористік шабуылдан 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сойқан салдарынан тағы 50 адам ауыр жараланған. Қаза тапқандар мен жараланғандардыӊ басым бөлігі студенттер екендігі анықталды, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

Күштік құрылымдар атыс кезінде 4 лаӊкестіӊ көзін жойды.

Соӊғы ақпаратқа сәйкес, террористік шабуылды "Техрик-е-Талибан" тобы өз мойнына алған.

Қазір күштік құрылымдар университет аумағын шолып, лаӊкестерден тазартуда.

Естеріӊізге сала кетсек, осыған дейін Пәкістанныӊ Чарзада округіндегі университетті террористер басып алғаны туралы шұғыл түрде хабарлаған едік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны