27.09.2017, 23:50 5850

Латын әліпбиіне көшу ақмолалықтардыӊ көӊілінен шығып отыр

Облыс халқы латын әліпбиіне көшу тілдік негізі бір түркі халықтарымен жақындасуға игі ықпал етеді және интернет арқылы байланысқа шығуға оӊ әсерін тигізбекші деген пікірде.

Көкшетау. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында 2025 жылға қарай толықтай латын әліпбиіне көшу жөніндегі айтқаны ақмолалықтардыӊ көӊілінен шығып отыр.

Облыс халқы латын әліпбиіне көшу тілдік негізі бір түркі халықтарымен жақындасуға игі ықпал етеді және интернет арқылы байланысқа шығуға оӊ әсерін тигізбекші деген пікірде. Өткен ғасырда он жылдан астам уақыт қазақтар латын әліпбиін қолданған болатын. Осыдан 26 жыл бұрын, 1991 жылы КСРО-ныӊ ыдырауына байланысты қазақ елі өзініӊ егемендігін жариялап, жеке мемлекет құрды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл деп Ата Заӊымызда жазылып және "Тіл туралы" заӊ қабылданды. Халық болса, тіл де болады, бұл екеуі ажырамайды, тілді қоғамнан бөліп қарауға болмайды. Тарихтыӊ кезеӊ-кезеӊінде жазу жүйесі қалыптасып, сондай-ақ, тілдегі сөздік қоры да толығып отырады. Оған дәлел, осы тәуелсіздік жылдарында тілдік қорымыз көптеген жаӊа сөздермен, терминдермен толықты. Ол халықтардыӊ қарым-қатынасы, көшіп-қонуы, өндірістік, мәдени байланыстардыӊ нәтижесі.

Қазақ жазуы үш түрлі жазу жүйесін басынан өткізіпті. Қазақстанда араб жазуы өткен ғасырдыӊ 30-шы жылдарына дейін қолданыста болған. "Қазақ сөздерін араб алфавитімен жазуға болмайды, латын алфавитіне көшу керек деген ұсыныстар кеӊес үкіметіне дейін де айтылып келген" - деп жазады "Қазақ жазуыныӊ тарихы қайда?" деген еӊбегінде филология ғылымдарыныӊ кандидаты М.Өмірбекова.

Қазақстанныӊ орталық атқару комитетініӊ "Қазақтыӊ жаӊа емлесі туралы декреті" жарияланғаннан кейін 1929 жылы 25 шілдеде қазақ тілі латын графикасына көшті. Латын графикасында 29 әріп бар, оныӊ ішінде 9 дауысты, 18 дауыссыз, сондай-ақ, екі (и, у) жарты дауысты дыбыстар. Латын графикасыныӊ негізгі ұстанымы фонетикалық болып, тек 1938 жылдыӊ басындағы қаулыдан кейін бас әріппен жазу заӊдастырылып, емленіӊ негізгі ұстанымы морфологиялық деп есептелді. Латын әріптеріне қосымша и, у, х, ф, в әріптері қосылды. Кеӊес одағыныӊ басқа халықтары секілді 1940 жылы Қазақстан да кириллицаға көшті.

"Бұл алфавитке көшу кезінде тіліміздіӊ өзіндік ерекшелігі ескерілмей, дауыссыз әріптердіӊ аты орыс тіліндегідей айтылып, ал дауыссыз дыбыстарды айтқанда алдынан, не артынан "ы" немесе "і" дыбыстарыныӊ бірін қосып айту қалыптасты. Мұндай тәсілді ғалымдар тілдіӊ үйлесімділігі деп түсіндірді. "Біздіӊ қазіргі заманғы тіліміз даму барысында қайта құрылған, өзгеріске түсіп жаӊарған жүйелер тобымен бірге, қайшылықтар, тілдіӊ басқа жүйелік заӊдылықтарымен үйлесе бермейтін құбылыстар тобынан тұратыны белгілі. Ирине, тіл тетіктерініӊ логикалық жетілгені соншалық, тіл қолданушылар ондай үйлеспеушілікті байқамайды", - дейді ғалым М.Өмірбекова.

Орыс әліпбиіне көшу салдарынан түркі тілдеріне ғана тән сингармонизм заӊы ескерілмеді. Тілдіӊ мұндай заӊдылықтары, әр тілдіӊ өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Тілге байланысты тұжырымын Ахмет Байтұрсынов ғылыммен жүйелеу керек деген екен. Қоғам қайраткерініӊ: "Біз де тіліміз бүлінбей сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соӊ басқа тілде оқытуға тиіспіз. Қазақтыӊ бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар, қазақ тілініӊ сөз, сөйлем жүйелерін де үйрету керек" деген сөзініӊ мәні бүгін де жоғалған жоқ.

Ир жылдары қазақ тілін зерттеген ғалымдардыӊ тұжырымдамалары біржақты дей алмаймыз. Тіл, әліпби мәселесінде ешқандай асығыстық, жеӊілтектік танытуға болмайды. Бала кезімізде әкеміздіӊ латын әрпімен толтырылған түрлі құжаттарын оқитынбыз. Еш қиындығы жоқ секілді. Сондықтан, өз басым латын графикасына көшу бағдарламасын құптаймын,- дейді Өмірсерік Шайхин, Атбасар ауданынан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны