23.01.2017, 21:20 5262

Ләззат Ибрагимова Қазақстанныӊ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне басшы болып тағайындалды

Банк басшылығына Директорлар кеӊесініӊ мүшесі, 2016 жылдыӊ 3-ақпанынан бастап "Бәйтерек" Холдингі басқарма төрағасыныӊ орынбасары қызметін атқарған Ләззат Ибрагимова тағайындалды

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы Холдингі" АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев "Қазақстанныӊ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ұжымына ("Бәйтерек" Холдингініӊ еншілес ұйымы) жаӊа басшыны таныстырды.

Банк басшылығына Директорлар кеӊесініӊ мүшесі, 2016 жылдыӊ 3-ақпанынан бастап "Бәйтерек" Холдингі басқарма төрағасыныӊ орынбасары қызметін атқарған Ләззат Ибрагимова тағайындалды, деп хабарлады "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ.

Жаӊа басшыны таныстыра отырып, Ерболат Досаев Ләззат Ибрагимованыӊ "Бәйтерек" Холдингі құрылымы аясында жеткен жетістіктері мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін жаӊа деӊгейге көтеруге септесетін кәсіби біліктілігі мен жеке қасиеттерін атап өтті.

22 жылдық жұмыс өтілініӊ басым бөлігін шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдаудыӊ тиімділігі мәселелеріне арнаған. Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық университетініӊ оқытушылығынан бастап "Бәйтерек" Холдингіне кіретін және басқа да ірі даму институттарыныӊ басшылығына дейін қызмет атқарды.

Түрлі жылдары БҰҰ Даму бағдарламасы жобасыныӊ экономикалық даму бойынша ұлттық сарапшысы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорыныӊ сараптау мен даму стратегиясы, оқыту мен консалтинг, корпоративті даму департаменттерініӊ басшысы, "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ арнайы бағдарламалар департаментініӊ бас менеджері қызметтерін атқарды. 2011 жылдан бері "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарма төрайымы лауазымында жұмыс істеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны