24.03.2019, 19:29 4194

Әлемдік деңгейдегі аспаздар Өскеменде мастер-класс өткізеді

Бұдан кейін шеберлер Өскемен қаласының аспаздары арасында аспаздық жарысын өткізеді. Жеңімпазға Париждегі әлемнің үздік аспаздық мектептерінің бірінде тегін білім беріледі.

Өскемен. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Мишлен жұлдызының екі жеңімпазы Шығыс Қазақстан облысы орталығының мейрамханаларының бас аспаздарына мастер-класс өткізеді. Іс-шараның тақырыбы кез келген жергілікті өнімдерден француз асханасының тағамдарын дайындау болады.

Бұдан кейін шеберлер Өскемен қаласының аспаздары арасында аспаздық жарысын өткізеді. Жеңімпазға Париждегі әлемнің үздік аспаздық мектептерінің бірінде тегін білім беріледі. Ұйымдастырушылар аспазшылар мен рестораторларды мастер-класқа қатысуға шақырады. Барлық сұрақтар бойынша 8/7232/24-82-67 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Мишлен жұлдызы - белгілі "Мишлен Гид" мейрамханалық жолсілтегішінің сарапшыларымен берілетін кәсіби аспаздық саласындағы ең беделді марапат. Жұлдыз мейрамхананың немесе аспаздың жоғары сапасын растайды. Бүгінгі күні әлемде Мишлен жұлдызының 800-ге жуық иесі бар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны