08.07.2019, 09:03 10162

Әлемнің ірі киностудия өкілдері Қазақстанда фильм түсіруді жоспарлап отыр

Жетісу өңірі мен маңғаз Маңғыстаудың тамаша табиғаты шетелдік кинокомпания өқілдерін ерекше таңғалдырған.

Нұр-Сұлтан. 8 шілде. Kazakhstan Today - Әлемнің ірі киностудия өкілдері Қазақстанда фильм түсіруді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық өңірлік коммуниукациялар қызметі алаңында шетелдік продюсерлердің қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен 15-Халықаралық "Евразия" кинофестивалінің ашылуына келген шетелдіктер елорда мен Алматы облыстарында болып, бүгінде ат басын Маңғыстауға тіреген. Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылдың 3-қаңтарында кино туралы заң енгізіліп, онда шетелдік продюсерлердің елімізде түсіретін фильмдеріне барынша қолдау көрсетілетіндігі жазылған. Осы мақсатта еліміздің табиғаты, тарихи ескерткіштер және ұлттық болмысымызбен танысуға өңірімізге АҚШ, Жаңа Зеландия, Словениядан Discovery, NBC Universal, Global Film Solutіons, Lionsgate, Warner Horison сынды ірі голливудтық кинокомпания өкілдері келді. Екі күнге келген сапар аясында олар Шерқала тауын, жерасты мешіттерін аралап, шар тәріздес алып тастардың тарихымен танысты. Сондай-ақ, жартастағы соқпақ жолдармен жүріп өтіп, желкенді қайықпен серуендеді.

"Нұр-Сұлтаннан бастау алған сапарымыз қызықты сәттерге толы болды. Көп тәжірибе жинадық. Ерекше шабыт алдым, табиғат қандай ерекше. Барлық жүріп өткен жерлерімізді бейнетаспаға түсіріп келеміз.Видео - ролик жасап,өз елімізге барғанда көрсеткіміз келеді. Қандай бағытта кино түсіретінімізді алдағы уақытта жоспарлаймыз" - деді Discovery арнасының вице-президенті Джорджина Суртис.

Жетісу өңірі мен маңғаз Маңғыстаудың тамаша табиғаты шетелдік кинокомпания өқілдерін ерекше таңғалдырған. Бірінші сапарлары болса да, шаршағандарына қарамастан ерекше әсер қалдырды деп ой қорытты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны