13.10.2006, 17:41 3103

Ленин атындағы шахтада жарылыстан зардап шеккендерге "Миттал Стил " компаниясы 500-900 мың теңге төлейді

ҚАРАҒАНДЫ. 13-қазан. Kazakhstan Today. Ленин атындағы шахтада жарылыстан зардап шеккендерге "Миттал Стил Теміртау" компаниясының басшылығы 500-900 мың теңге төлейді. Бұл туралы бүгін Қарағандыда өткен баспасөз мәслихатында "Миттал Стил Теміртау" АҚ көмір департаментінің экономика жөніндегі директоры Василий Тельной хабарлады.

Ирбір отбасы қаржыны келесі аптада алады деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен зардап шеккен бес адам әлі ауруханада жатыр. "Мүмкін бұл адамдардың кейбіреуі толық сауығып шықпайтын шығар. Кейбіреуі І және ІІ топтағы мүгедектер қатарына қосылатын секілді. Оларға бірден бес жылдық жалақысы өтеледі. Бұл қаржы компания қаржысынан бөлінеді",- деді В.Тельной.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны