20.10.2006, 08:58 3242

Ленин атындағы шахтаның тағы бір қызметкері ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. 20 қазан. Kazakhstan Today. Ленин атындағы шахтада болған жарылысқа қатысы бар деген күдікпен тағы бір қызметкер -үңгу жұмыстарының үшінші учаскесінің бастығы Владимир Сүлейменов ұсталды, деп хабарлады облыстық прокуратура қызметкерлері.

"ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 142 бабына сәйкес (күдіктіге қатысты шара қолдану), Сүлейменов 14 қазан күні тұтқындалды",-деп атап өтті прокуратура .

Бұл осымен шахтада болған жарылысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған бесінші адам. Осыған дейін үңгу жұмыстары учаскесінің механигі Леонид Ковалев, шахтаның бас механигі Иван Сысуев және шахтаның бас инженері Василий Тонких ұсталған боалтын. Олар 245 баптың 2 тармағы бойынша( тау кен жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік ережелерін бұзу), 152 баптың 2 тармағы (абайсызда кісі өліміне соқтырған, еңбек қорғау ережелерін бұзу), сонымен қатар 232 бап (өз міндетіне жауапсыздық таныту) бойынша айыпталуда. Сәл кейінірек Ленин атындағы шахтаның бас энергетигі Сергей Боргуль ұсталды.

Осыған дейін хабарланғандай, Ленин атындағы шахтада метанның жарылуы салдарынан 41 кенші қаза тапты. Прокуратура қорытындысына сәйкес, төтенше жағдай техникаларға бақылау жасалмағанның және шахтадағы қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы салдарынан орын алды. Жарылыс салдарын тексерген үкіметтік комиссияның қортындысы бойынша, апаттың болуына нақты 23 адам кінәлі, оның ішінде "Миттал Стил Темиртау"АҚ көмір департаментінің атқарушы директоры Григорий Презент және "Миттал Смит" АҚ бұрынғы директоры Навал Чаудхари да бар. Комиссия төрағасының айтуынша, алғашқысы "еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген", екіншісі "жұмысшылардың қауіпсіздігін қадағалауға қатысты келісім-шартта көрсетілген талапты орындамаған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны