17.09.2020, 22:50 6622

Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры 67 мыңнан астам кемшілік анықтады

Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты 67 мыңнан астам кемшілік анықтады

Алматы. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты 67 мыңнан астам кемшілік анықтады.

Әлеуметтік- медициналық сақтандыру қорының сарапшылары мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша Жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Шілде айының қорытындысы бойынша халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 67 мыңнан астам түрлі кемшілік анықталды, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 240 млн теңгеден асты.

"ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша Қор жеткізушілері халыққа көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізілетінін атап өткен жөн. Іс жүзінде көрсетілген және медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін, сондай - ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған қызметтерге ақы төленеді", - деп атап өтті Қорда.

Анықталған кемшіліктің ең көп саны жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, әрбір қызмет жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары жалпы құны 85,5 млн теңгені құрайтын 62 мыңнан астам осындай кемшілік тіркеді. Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде 1,9 мыңға жуық ақау, тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда медициналық көмек көрсету кезінде 1,7 мың факті анықталды.

Шілде айында қор сарапшылары нақты көрсетілмеген қызметтердің 2 мыңнан астам жағдайын анықтады, олар пациенттер алған болып ақпараттық жүйелерге енгізілген. Осындай жағдайлар бойынша анықталған бұзушылықтар үшін медициналық ұйымдарға 16,2 млн теңгеге айыппұл салынды.

Өңірлер арасында кемшілік фактілері Қостанай, Алматы облыстарында, Алматы қаласында жиі кездеседі, Павлодар, Жамбыл, Ақмола облыстарында кемшілік ең аз анықталған.

"Түрлі мемлекеттік базалардан деректерді біріктіру және IT құралдарын қолдну, осы деректерді өңдеу мониторингінің сапасын айтарлықтай арттырады. Бұл адами факторды азайтуға мүмкіндік береді. Қазір Қор әртүрлі АЖ мен регистрлердің деректерін бір алаңда интеграциялау арқылы медициналық қызметтердің сапасы мен көлемінің толассыз мониторингін АЖ-де құру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл мониторинг процесін барынша автоматтандыруға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді ӘМСҚ медициналық көмек көрсету сапасының мониторингтеу департаментінде.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры "Халық тарапынан қоғамдық бақылау, бір жағынан Қорға бұзушылықтарды анықтауға көмектеседі, екінші жағынан медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіреді. Сондықтан біз қазақстандықтарды өз деректерін мобильді қосымшаларда тексеруге және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Қорға немесе Қордың филиалдарына хабарлауға шақырамыз", - деп атап өтті.

Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны